БҮГІНГІ ЖАСТАРДЫҢ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУЫНА ЫҚПАЛ ЕТУШІ ФАКТОРЛАР

Авторлар

  • Қ.Т. АТЕМОВА Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0002-3864-1431
  • Д.Т. ДАДАШОВ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

жастар, мамандық, психологиялық ерекшелік, қазақ зиялыларының көзқарастары, қоғамға пайдалы маман.

Аңдатпа

Бүгінгі күні болашақ мамандарға деген талап күн санап артып келеді. Өйткені, қоғамның дамуы жаһандық дамудың талаптарына сай жетілуді қажетсінеді. Бәсекелестік пен қызметтік жетістіктер адам болмысының маңызды көрсеткіштеріне айналды. Сонымен қатар, адам баласының қоғамда өз орнын табуы мен соған сай тұрмыс кешуі оның тұрақты дамуының бір шарты іспетті болып отыр. Сондықтан, бүгінгі жастардың болашақ мамандығын таңдауы олардың өмірлік құндылықтарымен қатар өмір сүру қажеттіліктерімен де байланысты айқындалатын болды.
Мақаланың басты мақсаты бүгінгі жастардың мамандық таңдауына әсер етуші факторларды айқындау болып табылады. Сондықтан мақалада қазақ қоғамында ілгеріден қалыптасқан дәстүрлі көзқарастар мен мамандық таңдауға байланысты жарық көрген еңбектер мазмұнына талдаулар жасалып, бүгінгі көзқарастар мен мамандық таңдау тәсілдері салыстырылады. Жоғары оқу орнында оқып жүрген студенттерден сауалнамалар алу арқылы бүгінгі жастардың мамандықты таңдауына әсер еткен факторлар анықталып, тұжырымдалады. Респонденттердің берген жауаптарының әртүрлі болуына әсер еткен факторларды, көзқарастарының себептерін авторлар бүгінгі қоғам мен тұрмыстың қажеттіліктерімен байланысты түсіндіріп, негіздеуге тырысады.
Зерттеу нәтижелері диаграммалар арқылы тұжырымдалып, түйінді ой айтылады. Мақала соңында болашақ мамандық таңдауда ескеру тиімді деп саналатын құнды ұсыныстар беріледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ