АБАЙ ЖӘНЕ АЛАШ: ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ

Авторлар

  • А. ІСІМАҚОВА М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
  • К. БЕРКИМБАЕВ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • С. СЕЙІТМАН Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • НУРУЛЛАҺ ЧЕТИН Анкара университеті

Кілт сөздер:

дәстүр, сабақтастық, Абай, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Алаш, рухани темірқазық.

Аңдатпа

Мақалада авторлар «дәстүр», «дәстүр сабақтастығы» ұғымдарын терең талдау негізінде қазақ халқының рухани көшбасшысы, хакім Абай шығармашылығының ағартушылық сипатын, оның ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің қалыптасуына және Алаш қайраткерлерінің тұлға болып қалыптасуына тигізген зор ықпалын зерделейді. Сонымен қатар, Абай танымын әдеби талдау және оның шығармаларын танытуы негізінде Алашордашыл жазушылардың ағартушылық білімі мен табандылығы баяндалады. Осылайша олардың Абайтанудағы тұңғыш ғалымдар екені дәлелмен келтіріледі. Мақалада абайтанудағы Алаштың, алаштанудағы Абайдың жаңа Қазақстан идеологиясындағы маңызды рөлі атап өтіледі. Ғалымдардың пікірін таразылау арқылы мақала авторлары таңдалған тақырыптың өзектілігін анықтайды. Қорытындылай келе олар қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес ұлттық сананы сақтауға қатысты өз идеяларын тұжырымдайды. Авторлар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанның брендін қалыптастыруға байланысты пікірін басшылыққа ала отырып, Абай мен Алаш мұраларының сабақтастығын сақтап оқыту және бұл орайда олардағы ұлттық кодқа басымдық беру – жаһандану дәуірінде Ел жастарына адастырмас темірқазық болатынын ғылыми түрде негіздейді.

Әдебиеттер тізімі

Кемел М. Ақыл қалта. Ой-қазына антологиясы. – Астана: Аударма, 2007. – 776 б.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – 3-том, Ғ–Ж. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1978. – 735 б.

«Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. – 720 б.

Тәуелсіздік және Абай мұрасы: респ. ғыл.-теор. конф. материалдары / Құраст. филол.ғ.к. Д. Мұхамадиев. – Алматы: ИД «CREDOS», 2011. – 243 б.

Ерсәлімов Б. Әлемнің Абайы Қазақтың дана ойы. Ғылыми, танымдық мақалалар мен көсемсөздер. – Семей: Интеллект, 2014. – 358 б.

Жәлелұлы О. Харекет: Монография. Зерттеу мақалалар / Құраст. Е. Зейтхан, Е. Қашқынов. – Астана: Профи Медиа, 2016. – 512 б.

Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті. – Алматы: Арда, 2009. – 392 б.

Әбдиманұлы Ө. Алаш және Абай // Абай. – Семей: Зияткер, 2019. – №5 (138). – 96 б.

Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. – Алматы: Атамұра, 1995. – 208 б.

Қалижанов У.Қ., Қорабай С.С. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. – Алматы: Әдебиет Әлемі, 2013. – 500 б.

Абай және қазіргі заман: зерттеулер жинағы. – Алматы: Ғылым, 1994. – 336 б.

Мағжан Жұмабайұлы. Алтын хакім Абайға. // Абай. – Семей: Зияткер, 2019. – №4 (137). – 96 б.

Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық ғылыми жинақ. – «Атамекен» сериясы. – 3-т. – Алматы: Раритет, 2007. – 376 б.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан // Egemen Qazaqstan. – №5, 9 қаңтар, 2020 жыл.

Уәли Б. Абай мен Алаш // Egemen Qazaqstan. – №12, 20 қаңтар, 2020 жыл

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ