МАТЕМАТИКАДАН ОЛИМПИАДАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ШЕШУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

Кілт сөздер:

олимпиадалық тапсырмалар, математиканы оқыту, зерттеушілік дағдылары, олимпиадалық тапсырмалар жүйесі.

Аңдатпа

Мақала математикадан олимпиадалық есептерді шешуді оқытуда оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастыру мәселесіне арналған. Олимпиадалық тапсырманың ерекшелігі – оның стандартты емес, пән бойынша оқу тапсырмасымен сырттай ғана ұқсас болуы әрі логика мен зерттеуді талап етуі. Осыған орай, математикадағы олимпиадалық есепті шешу графикалық және физикалық моделін құру, өзара әрекеттесетін объектілердің күйін сипаттау үшін теңдеулер құру, типтік емес жағдайда математикалық аппаратты меңгеру зерттеу дағдыларын қажет етеді. Сонымен қатар, зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындауға Google платформасы арқылы сауалнама жүргізілді, оған қатысушылар ЖОО-да «Математика мұғалімі даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар мен орта мектепте жұмыс жасайтын жас мамандардан алынды. Нәтижесінде, заманауи талаптарға сай болу үшін зерттеушілік дағдының қалыптасуына бірден бір жылдам ықпал ететін ситуациялық есептер мен критикалық жағдайлар екені анықталды. Сәйкесінше үйреншікті ойлау жүйсінен ажырап, жаңаша ізденуге олимпиадалық есептердің көмегі болатыны талданды. Тарихи мәліметтер негізінде олимпиадаға қатысатын оқушылардың IQ дәрежесі жоғары болатыны көпшілікке мәлім. Және де PISA нәтижелеріне сүйенсек, мектеп оқушыларының интеллектуалдық дамуына зерттеушілік дағдының қалыптасуы маңызды.
Мұндай дағдыларды қалыптастыру және нәтижесінде жеке тұлғаның танымдық тәуелсіздігі үшін математиканың әр тақырыбын зерделеу кезінде оқушыларды олимпиадалық есептерді шешуге қосу ұсынылады.
Математикалық олимпиадалық тапсырмаларды дайындау кезінде оларды ескере отырып жасалған тапсырмалар жүйесінің мысалы келтірілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ