ЭМПАТИЯ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨРІСТЕГІ БАСҚАРУШЫЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫ САПАСЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • К.О. КАЗИЕВ Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті https://orcid.org/0000-0002-0906-8381
  • К.С. ИГЕМБАЕВА Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Кілт сөздер:

басқару, педагогикалық өріс, эмпатия, білім беру жүйесі, эмоционалды интеллект.

Аңдатпа

Бұл мақалада басқарушы тұлғасының эмоционалдық-сезімдік өрісінің ерекшеліктері туралы көрсетілген. Эмоционалдық өрістің маңызды компоненті ретінде эмпатия сапасы зерттелінген. Мақалада педагогикалық процестегі басқарушының алатын орнына, осы тақырыптың төңірегінде жүргізілген теориялық және эксперименталдық зерттеулердің авторларының есімдері көрсетіледі. Сонымен қатар, басқару процесінің, эмпатия ұғымының және де педагогтың кәсіби іс-әрекеттеріне түсініктер берілген. Зерттеу таңдамасы ретінде педагогикалық ұжымның басқарушылары алынған. Басқару жүйесіндегі педагогтардың эмпатия қабілетінің көріну сипатына талдау жасалынған. Зерттеу әдісінің негізінде, педагогикалық өрістегі басқарушылардың эмоционалдық интеллектісінің ерекшеліктері де қарастырылған. Нақтырақ айтқанда, басқа адамдардың эмоционалдық өрісіне ене алу қабілетінің эмоционалды интеллектінің көріну қырларына негізделетіндігі зерттелінген. Таңдалынып алынған тақырыпқа байланысты жүргізілген психологиялық зерттеудің негізінде қолданылған әдістің авторы, мақсаты және де жалпы сипаттамасы келтірілген. Әрбір әдістің негізінде алынған мәліметтерге талдаулар жасалынып, қорытындылар ұсынылған. Зерттеу жұмысының негізінде алынған көрсеткіштер, сандық және сапалық тұрғыда талданып көрсетілген. Зерттеу жұмысының таңдамасы ретінде білім беру саласындағы басқарушылар алынған. Зерттеу негізінде алынған нәтижелер педагогикалық өрістегі басқарушыларға, теориялық және практикалық тұрғыда құнды болады. Нақтырақ айтқанда, зерттеу нәтижелерінің негізінде берілген ұсыныстар басқарушылардың эмпатия қабілетін арттыруға септігін тигізеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ