ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ИРАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ДІН ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

Авторлар

  • Г. МАЖИЕВ Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Кілт сөздер:

мемлекет, конституция, діни бірлестік, діни партиялар, Аятолла, Дианет, ислам.

Аңдатпа

Мақалада Иран және Түркия елдеріндегі дін және мемлекет қатынасының аспектілері талданады. Мемлекет пен дін қатынасын ашу үшін аталмыш елдердің билік жүйесіндегі діни элементтердің көрініс беру ерекшеліктеріне, олардың ішінде елдің конституциялары мен дін саласын реттейтін заңнамалары және діни партиялар мен діни қауымдастықтардың қызметі сараланады. Сонымен қатар тақырып аясында екі елдің географиялық орналасу аумағына және этноконфессиялық құрамы мен мәдени тарихына да назар аударылады.
Ислам елдерінің арасында Иран мен Түркияның дін мен мемлекет қатынастары өзге мұсылман елдеріне қарағанда бірқатар өзгешеліктері бар. Сондықтан, дін мен мемлекет ара-қатынасының әлемдік тәжірибелерін кешенді зерттеуде аталмыш екі елдің модельдеріне тоқталу маңызды. Әсіресе, бұл зайырлылық бағыт алып келе жатқан Қазақстан үшін өзекті тақырып болып саналады. Иран Ислам Республикасының мемлекеттік басқару құрылымында «уалият фақиһ» діни корпусының ықпалы басым. Ал Түркияда керісінше Дианет діни басқармасы президент әкімшілігіне қарайды. Иранда діни партиялар саяси қызмет етеді, ал Түркияда саяси партияларға ешқандай діни элементті өз мүддесіне пайдалануға рұқсат етілмейді. Алайда, осындай ерекшеліктеріне қарамай екі ел де әлемде мұсылман дініне басымдылық беретін мемлекет ретінде танылып отыр.
Мақала Иран және Түркиядағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың ерекшеліктерін ашуға бағытталғандықтан зерттеу барысында құрылымдық-функционалдық және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.

Әдебиеттер тізімі

Constitution of the Islamic Republic of Iran. [Электронды ресурс]. URL: http://en.parliran.ir/eng/en/Constitution#preamble

Мартыненко Н. Процесс политической модернизации Ирана // Свободная мысль. – 2014. – №5 (1647). – С. 73–86.

Дунаева Е.В. Шиитское духовенство в политической жизни современного Ирана // Контуры глобальных трансформаций: политика, экономика, право. – 2018. – Т. 11. – №4. – С. 169–189.

Iran Population [Электронды ресурс]. URL: // https://countrymeters.info/en/Iran#religion

Раванди-Фадаи С. Основные черты этноконфессиональной ситуации в современном Иране // Россия и мусульманский мир. – 2015. – №2 (272). [Электронды ресурс]. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/osnovnye-cherty-etnokonfessionalnoy-situatsii-v-sovremennom-irane (дата обращения: 19.01.2020).

Iran 2018 international religious freedom report. [Электронды ресурс]. URL: https://www.state.gov/wp-content/uploads/2019/05/IRAN-2018-INTERNATIONAL-RELIGIOUS-FREEDOM-REPORT.pdf

Political Parties Law. [Электронды ресурс]. URL: https://irandataportal.syr.edu/political-parties-law 29.12.2019

Hossein Asayesh and others. Political Party in Islamic Republic of Iran: A Review // Journal of Politics and Law. – March, 2011. – Vol. 4, No. 1. – P. 221.

Усманов Р.Х. Реализация принципов исламского государства в современной исламской республике Иран // Социально-гуманитарные знания. – 2011. – №8. [Электронды ресурс]. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/realizatsiya-printsipov-islamskogo-gosudarstva-v-sovremennoy-islamskoy-respublike-iran (дата обращения: 10.01.2020).

Политическое пространство и социальное время: идентичность и повседневность в структуре жизненного мира: тезисы XХХ Харакского форума 26–30 мая 2016 г., г. Ялта / Под ред. Т.А. Сенюшкиной, А.В. Баранова. – Симферополь: ИТ «АРИАЛ», 2016. – 260 с.

Turkey Population. [Электронды ресурс]. URL: https://countrymeters.info/en/Turkey#religion

Turkey's Constitution of 1982 with Amendments through 2017. [Электронды ресурс]. URL: https://www.constituteproject.org/constitution/Turkey_2017.pdf?lang=en

Высший Совет по Религиозным делам. [Электронды ресурс]. URL: https://www.diyanet.gov.tr/ru

Turkey 2018 international religious freedom report. [Электронды ресурс]. URL: https://www.state.gov/wp-content/uploads/2019/05/TURKEY-2018-INTERNATIONAL-RELIGIOUS-FREEDOM-REPORT.pdf

Law on political parties. [Электронды ресурс]. URL: https://www.legislationline.org/download/id/7853/file/ Turkey_law_political_parties_1983_am2014_en.pdf

Матюхин В.В. Доминирование партии справедливости и развития в турецком политическом процессе: идеологический аспект // Вестник РУДН. Серия: Политология. 2016. №2. [Электронды ресурс]. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/dominirovanie-partii-spravedlivosti-i-razvitiya-v-turetskom-politicheskom-protsesse-ideologicheskiy-aspekt (дата обращения: 09.01.2020).

Разливаев А. Турция: возрождение религиозных общин // Россия и мусульманский мир. – 2010. – №3. [Электронды ресурс]. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/turtsiya-vozrozhdenie-religioznyh-obschin (дата обращения: 07.01.2020).

Commission of the European Communities: Turkey 2019 Report. – Brussels, 2019. – P. 31–32.

Кудряшова Ю. Культурно-религиозная самобытность Турции как фактор, ставящий под сомнение ее идентичность со странами ЕС // Россия и мусульманский мир. – 2010. – №8. [Электронды ресурс]. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/kulturno-religioznaya-samobytnost-turtsii-kak-faktor-stavyaschiy-pod-somnenie-ee-identichnost-so-stranami-es (дата обращения: 13.01.2020).

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ, ДІНТАНУ