Журнал туралы

«Ясауи университетінің хабаршысы» журналы университеттің құрылтайшылығымен ашылып, 1996 ж. 8 қазанында Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінде тіркеліп, №232 куәлік берілген. Индексі №75637.

Журнал 2015 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде қайта тіркеліп, №232-Ж куәлігі берілді.

Журнал 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Париж қаласындағы ISSN орталығында тіркелген. ISSN 2306-7365. е-ISSN 2664-0686.

Журналдың мерзімділігі: тоқсан сайын жылына 4 рет шығарылады. Таралымы 200 дана.

Журнал «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ (МҒТСҰО) Қазақстандық дәйексөз алу базасында индекстеледі.

Журнал мақалалары CrossRef ДБ тіркеледі, әр мақалаға  DOI – объектінің цифрлық сәйкестендіргіші беріледі, ол электрондық құжаттарға сілтеме жасауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Сонымен қатар ғылыми басылым ROOTINDEXING және Directory of Research Journal Indexing Халықаралық ақпараттық ресурстарында индекстеледі.

Журналдың редакциялық алқа құрамында қазақстандық және шетелдік ғалымдар бар.

Журналға ғылыми мақалалар Қазақстан, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ басқа да шетелдердегі барлық ұйымдардан төрт тілде (қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде) қабылданады. Мақала журнал сайтында толық мәтінде 4 тілде орналастырылады.

Журналдың негізгі мақсаты – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы өзекті зерттеулердің нәтижелерін жариялау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және университеттің ғылыми бағыттары бойынша ақпараттарды алмасу болып табылады.

Журналдың міндеті – соңғы жаңалықтардың қолжетімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету; мақала тақырыбының зерттеу жұмысы мен оның мазмұнына толығымен сәйкес келуін қадағалау.

Журналдың тақырыптық бағыты – педагогика, тарих, философия, филология бағыттары бойынша ғылыми негізделген зерттеу жұмыстарының нәтижелері арқау болған мақалалар және осы бағыттағы әлемдік деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасайтын мақалалар.

Журнал нөмірлерінің жалпы тақырыптары ғылыми басылымның негізгі бағыттары аясында редакциялық алқа және ғылыми редакторлармен келісіле отырып анықталады.

Журналды шығару мерзімділігі

Журнал белгіленген мерзімде желілік (электрондық) және қағаз нұсқада жылына 4 рет (3 айда бір рет) шығарылады, атап айтқанда: бірінші нөмір ағымдағы жылдың 30 наурызға дейін, екінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 маусымынаа дейін, үшінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 қыркүйекке дейін және төртінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 желтоқсанға дейін шығарылады.

«Ясауи университетінің хабаршысы» журналына мақала жариялау ақылы.

1.Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің авторлары үшін (оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, магистранттар, докторанттар) - 10 000 теңге.

2.Шетелдік авторлар үшін (жеке) - төлем алынбайды

3.Басқа мекемелердің авторлары үшін - 25 000 теңге.

Төлемақы «Халық банк» АҚ арқылы жүзеге асады. Төлемақы туралы түбіртек журнал редакциясының электронды мекен-жайына жіберілуі тиіс.

ХҚТУ реквизиті:

“Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті” Мекемесі

БИН: 990440008043, КБЕ 16

"Халық банк " АҚ

БИК: HSBKKZKX

ИИК : KZ436010291000010707

Мекен-жайы: Б.Саттарханов №29В

КНП 859