ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕ СТЕНОЗҒА ҰШЫРАҒАН КЕҢІРДЕКТІ ЦИРКУЛЯРЛЫ РЕЗЕКЦИЯЛАУ (клиникалық жағдай)

кеңірдек циркулярлы резекциясы

26 17

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47526/3080-8715.6500

Аңдатпа

Үдемелі тыныс жетімсіздігіне алып келетіндігіне байланысты кеңірдек стенозымен зардап шегетін науқастардың көбі хирургиялық емге мұқтаж. Кеңірдек стенозына жарақаттар, инфекциялық аурулар, трахеостомиядан, интубациядан кейін дамитын тыртықтық тарылулар  сонымен қатар кеңірдек ісіктері де алып келуі мүмкін. Мәселе, кеңірдек стенозын хирургиялық жолмен емдеу тәсілін, анестезиологиялық араласу жолдарын жетілдіруді қажет етеді.

Кеңірдек стенозында ісіктің  орналасуын, өсу бағытын, тарылу ұзындығын, оталық емнің тәуекелдері мен артықшылыктарын, анестезиологиялық араласулар ерекшеліктерін ескере отырып, хирургиялық ем деңгейін жетілдіру. 

Көмей асты обырымен ауыратын науқаста кеңірдек тарылуы (стриктурасы) дамыған. Кеңірдектен ауа өтуі мүлдем қиындап бірнеше апта ылғалданған оттегімен демалуға мәжбүр болған. Тыныс жетімсіздігіне байланысты онкологиялық диспансерге жолданып, хирургиялық ем қабылдаған. Трахеоскопия арқылы экзофитті өскен ісік көлемі 2х3 см, көмей төменгі бөлігі шырышты қабаты мен 2 кеңірдек сақинасы деңгейінде өскендігін, кеңірдек кеңістігінің 80% астам бөлігін қамтып жатқандығы анықталды.

Ота трахеостомиялық түтік арқылы интубациялық жансыздандыру аясында басталды. Терісі өңделіп, кесу арқылы ісік аумағы толық аршылып, гемостаз жасалған соң, ісіктің төменгі тұсынан екі кеңірдек сақинасын қоса циркулярлы кесу жасалды. Кеңірдек кесілу алдында гипероксигенация жасалып, кесілу кезінде уақытша жасанды апное жағдайы қалыптастырылды. Кеңірдек кесілген соң интубациялық түтік кеңірдектің кесілген тұсынан төменгі бөлігіне ауыстырылып, наркоз жалғастырылды. Кеңірдектің ісікке ұшыраған тұсы толық сылынып алынған соң, интубациялық түтік бұрынғы орынына қойылды. Түтік бойымен кеңірдек сақиналары арасына түйінді тігіс салынып, тартылып, герметикалық бекітілді. Жараға асептикалық таңғыш қойылғаннан соң кеңірдек созылмас үшін оның йегі төс терісіне тігіліп, бекітілді.   Ота нәтижесінде кеңірдектің ауа өткізу қабілеті толық қалыпқа келтірілді. Тыныс жетімсіздігі белгісі жоқ.  

Кеңірдектің циркулярлы резекциясы отасының барысы мен нәтижесі онкологиялық орталық клиникалық конференциясында талқыланып, қиындықтары мен жетістіктері, наркоз ерекшеліктері аталып өтті.

Обыр негізінде немесе басқа да себептермен туындаған кеңірдек стенозын оталық емдеу мүмкіншіліктерін, анестезия ерекшеліктерін жетілдіру.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-08-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи