EFFECTIVENESS OF PROGNOSTIC SCALES IN BREAST CANCER WITHIN THE ONCOLOGY SERVICE OF KAZAKHSTAN

0 0

Авторлар

Кілт сөздер:

сүт безі обыры, TNM, Nottingham Prognostic Index, болжам, Қазақстан.

Аңдатпа

Қазақстанның онкологиялық қызметінде сүт безі қатерлі ісігінің (СБҚІ) болжамын анықтауда қолданылатын TNM, NPI және биологиялық-патологиялық көрсеткіштерге негізделген басқа да халықаралық болжамдық модельдердің дәлдігін, клиникалық тиімділігін және қолдану мүмкіндіктерін жан-жақты салыстырмалы бағалау. Бұл ретроспективті зерттеу 2015–2025 жылдар аралығындағы республикалық онкологиялық регистр мен өңірлік онкологиялық орталықтардың медициналық құжаттары негізінде жүргізілді. Пациенттердің демографиялық деректері, ісік сипаттамалары, TNM сатысы, гистологиялық градация, лимфа түйіндерінің жағдайы, молекулалық подтиптері және ем тактикасы талданады. Статистикалық өңдеу SPSS және R бағдарламалары арқылы жүргізілді. Күтілетін нәтижелер Қазақстан жағдайында сүт безі қатерлі ісігіне болжам жасауда TNM шкаласын тек анатомиялық классификатор ретінде қолдану жеткіліксіз болуы мүмкін екенін көрсетеді. NPI шкаласын клиникалық тәжірибеге кезең-кезеңімен енгізу пациенттердің қауіп деңгейін дәлірек стратификациялауға, ем тактикасын жекелендіруге және онкологиялық көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беруі ықтимал.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-04-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи