THE STATE OF ANTIBIOTIC USE AT SHYMKENT CITY CLINICAL HOSPITAL 1

0 4

Авторлар

  • Т.Н. Орманов Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Ш. Шазадаев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • А.Ж. Сембаева Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • А.Б. Қожамберді Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Г.Б. Урисбаева Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

антибактериалді терапия, бір сәттік көлденең зерттеу, цефалоспориндердің тиімділігі, цефазолин, цефтриаксон.

Аңдатпа

Медициналық тәжірибеде антибиотиктердің тиімділігін және ауру қоздырғыштардың сезімталдығын бақылау маңызды орын алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынымдарына сәйкес, антибактериалдық терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылау арқылы инфекциялардың резистенттілігін төмендетуге мүмкіндік береді.
Мақсаты: Клиникадағы антибактериалдық терапия тағайындау жағдайларын зерттеу және антибактериалдық терапияның жағдайына көлденең (бірсәттік) әдісінің нәтижелері негізінде баға беру.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Антибактериалдық тағайындаулардың жай-күйін зерттеу Шымкент қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасының клиникалық бөлімшелерінде жүргізілді. Ем қабылдап жатқан барлық науқастардың медициналық карталары бір мезетте талдауға алынды. Антибактериалдық терапияның тиімділігін бағалауында эпидемиологиялық зерттеудің бір сәттік көлденең зерттеу әдісі қолданылды.
Нәтижелері мен қорытындылары: Антибактериалдық терапияның таралуы біздің зерттеуімізде 91,9% құрады. Науқастардың басым бөлігі (75%) емдеу барысында бір антибиотик қабылдаған, екі антибактериалдық препарат антибактериалдық ем алған барлық науқастардың 17,6%-ын құрады, ал үш және одан да көп антибиотик тағайындалған науқастардың жиынтық үлес салмағы 7,4% болды. Старттық антибактериалдық терапия ретінде 81% жағдайда цефалоспориндер тағайындалған, және олардың жалпы тиімділігі 72,0% жағдайларда байқалды. Операциядан кейінгі науқастарда негізгі антибиотиктер ретінде қолданған Цефазолин мен Цефтриаксонның тиімділігі 81% мен 66,4% болды. Клиникадағы антибактериалдық терапияның жай-күйін бағалау үшін көлденең зерттеу аясында цефтриаксонның тиімділігі төмен екендігі және бұл препаратты бақылау қажет екендігін көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи