Мақаланы рәсімдеу ережелері
«Х.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРЛАРЫ» ғылыми журналына қабылданатын ғылыми мақалаларға қойылатын талаптар
ӘОЖ - әмбебап ондық жіктеуіштің индексі,
МҒТАР – Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттық рубрикатор коды,
- Авторлардың ТАӘ, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны көрсетіледі. Автордың Т.А.Ә, 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) және әр автордың e-mail. Егер мақала түрік тілінде болса, онда 4 тілде (Times New Roman, кегль 10).
- Бір жолдан кейін қолжазбаның атауы БАС әріптермен ортасына жазылады (қалың етіп көрсету (орталықтандыру). Ол қысқа және қолжазбаның мазмұнына толық сәйкес болуы тиіс. Атауы ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде беріледі, бұл ретте атауында қысқартулар болмауы тиіс. Егер мақала түрік тілінде болса, онда 4 тілде (Times New Roman, кегль 10).
- Аннотация 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын), 150-200 сөз аралығында болуы тиіс. Егер мақала түрік тілінде болса, онда 4 тілде (формула, библиографиялық сілтемелер болмауы тиіс, Times New Roman, кегль 10).
- Түйінді сөздер 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын, кемінде 7-8 сөз). Егер мақала түрік тілінде болса, онда 4 тілде. Түйінді сөздер мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі, мақаланың мәтініндегі терминдерді, сондай-ақ пәндік саланы айқындайтын және іздестіруді жеңілдететін ақпараттық іздестіру жүйесі арқылы мақаланы іздестіру мүмкіндіктерін кеңейтетін басқа да маңызды ұғымдарды пайдалануы тиіс (Times New Roman, кегль 10).
- Қолжазба бөлімдері. Бұдан әрі бір жолдан кейін қолжазбаның мәтінін (Times New Roman, кегл 12) бастау керек, ол мынадай бөлімдерден тұруы тиіс:
1.Кіріспе.
2.Зерттеу материалдары мен әдістері.
3.Нәтижелері және оларды талқылау.
4.Қорытынды.
5.Әдебиеттер тізімі.
6.Авторлар туралы мәліметтер.
Бөлімдердің тақырыптары, жаңа жолдан азат жол шегінісімен басталып, қалың етіп белгіленуі және курсивпен белгіленуі тиіс.
6. Бір жолдан кейін APA (American Psychological Association (APA) Style халықаралық библиографиялық стандартына сәйкес ресімделген әдебиеттер тізімін көрсету қажет https://apastyle.apa.org/. Мақалада кемінде 10 әдебиет пайдаланылуы тиіс және олар соңғы 5 жылдағы әдебиеттерді қамтуы тиіс, оның ішінде шетелдік көздер - кемінде 5 (Times New Roman, кегль 10).
7. Ғылыми мақаланың көлемі 6-10 бет болуы тиіс. Формат - Microsoft Word * .doc, * .docx; мәтінді ені бойынша туралау; жоларалық интервал - бір; азат жол шегінісі - 1 см. Азат жол шегінісін бос орындармен немесе табуляциялармен жасамаңыз; өрістер: жоғарғы - 2; төменгі - 2; оң жақта - 1,5; сол жағы - 3.
8. Мақаланың атауы мазмұнды ашатын ұтымды болуға тиіс. Бүкіл мақала «Антиплагиат» бағдарламасынан өтеді және оның бастапқы нәтижесі 75% -дан жоғары болғанда ғана жіберіледі.
9. Суреттерді (иллюстрацияларды) мақаланың мәтінінде ескеру қажет. Барлық графикалық нысандар сурет ретінде белгіленуі тиіс. Суреттер сапасы жақсы, басып шығаруға жарамды болуы тиіс және түрлі-түсті және ақ-қара түрінде бірдей ақпараттандырылған болуы тиіс. Сурет астынғы жағында суреттің реттік нөмірі және оның атауын көрсету қажет: "1-сурет. Суреттің атауы ".
10. Кестелер өңдеуге жарамды, сканерленбеген немесе сурет түрінде Microsoft Word кестесі пішімінде жасалуы тиіс. Кестенің тақырыбы кестенің реттік нөмірін және оның атауын қамтиды. "1-кесте. Кестенің атауы ". Кестенің тақырыбынан кейін нүкте қойылмайды. Кестенің атауы мен кестенің өзі арасында бос аралық қойылады.
11. Символдар кестесінде бар тек сандардан, латын әріптерінен және математикалық белгілерден тұратын қарапайым формулалар мәтіннің бөлігі болуы тиіс. Күрделі формулаларды Microsoft Equation немесе MathType редакторларында теру керек. Оларды парақтың оң жағындағы дөңгелек жақшадағы араб цифрларымен ретімен нөмірлеу керек. Егер мәтінде бір формула болса, онда ол нөмірленбейді. Ресімделген формулалар қоршаған мәтіннен бір бос орынмен бөлінуі тиіс. Формулалар элементтерінің толық жазылуы «мұндағы:» сөзінен бастап азат жолсыз бос жерден кейін келтіріледі.
12. Авторлар туралы мәліметтер. Авторлар туралы мәліметтер кестелік нысанда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы және мынадай ақпаратты қамтуы тиіс: ТАӘ, ғылыми дәрежесі, жұмыс немесе оқу орны, қаласы, елі, e-mail, хат-хабар үшін автордың ұялы нөмірі. (Times New Roman, кегль 10).
Журналда жариялау үшін Қазақстан Республикасының, Түркияның барлық ұйымдарынан, сондай-ақ басқа да шет елдерден мақалалар қабылданады. Журнал сайты: http://journals.ayu.edu.kz. Журналдың электрондық поштасы: ayu-habarlari@ayu.edu.kz
Ғылыми мақалалар университеттің және басқа/шетелдік ЖОО ғалымдарын екі рет «соқыр» рецензиялау нәтижелері және редакциялық алқаның шешімі бойынша өндіріске жіберіледі. Редакция журналда жарияланатын мақалалардың мазмұнына жауап бермейді.
Мақала редакцияда редакцияланады және авторларға қайтарылмайды.