ЖОҒАРҒЫ МАТЕМАТИКА КУРСЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫН MAСROMEDIA FLASH PROFESSIONAL 8 БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЖАСАУ
137 126
Аңдатпа
Бұл мақалада жоғарғы оқу орнында жоғарғы математика курсын білімгерлер өздігінен немесе оқытушымен бірге электронды оқулық арқылы білім алу үрдісін ұйымдастыру жолдары, бағдарламаны құрастыру мен оқыту кезінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану қарастырылған.Электрондық оқулық құрастыру кезінде Maсromedia Flash 8 бағдарламасы арқылы модель жасалынды, жеке әдістердің ішінен интерфейспен дизайнды таңдау барысында әлеуметтік әдіс,ал оны оқу үдерісіне енгізуде бақылау әдістері қолданылды. Зерттеулер нәтижесінде түрлі әдіс тәсілдерді пайдаланылған үлкен көлемді электронды оқулық құрастырылды. Ғылыми зерттеу жұмыс барысында мұғалімге сабақ барысын жеңілдетуге, ал білімгерге берілген материалды барынша тиімді жолмен ұғындыруды мақсат ету негізінде жасалған электронды оқулықтың бірнеше мүмкіншіліктері анықталынды.Бағдарламаны дайындауда алдағы Windows-қа интеграциялау жолдары жасалынды.Жоғарғы математика курсында пайдаланылатын барлық формулалар жеке анықтамалық ретінде сақталынды.Жалпы көлемі 8043 Килобайтты құрайтын бағдарламаның алғашқы сұлбасы толықтай жұмыс істеп тұр. Жасалынған электронды оқулық жоғарғы математика курсын оқытуда әдістемелік нұсқаулық ретінде, болашақ математика пәнінің мұғалімдеріне электрондық оқулық жасауда теориялық негіз ретінде қолданылуы мүмкін.