The Алтын Орда хандарының ұстанған діні және толеранттылық негіздері

89 31

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47526/3007-8598.6513

Кілт сөздер:

Алтын Орда, Жошы ұлысы, хандар, дін, ислам, несториан, будда, тәңір.

Аңдатпа

Мақалада Алтын Орда хандарының діни ұстанымдарына қатысты ортағасырлық жазба ескерткіштер мен ғылыми тұжырымдар сараланады. Жошы ұлысындағы тәңірлік, буддизм, христиандық және исламның ықпалы талданып, Жошы, Бату, Меңгі-Темір хандардың діни төзімділігі, Берке, Өзбек және Жәнібек хандардың исламдандыру үдерісіндегі рөлі көрсетіледі. Өзбек ханның исламды қабылдауына қатысты тың тұжырымдар ұсынылып, Тоқта ханның өмірінің соңында мұсылман болғаны кейінгі зерттеулер негізінде қарастырылады. Шыңғыс ханның «Ұлы жасағындағы» барлық дінге құрметпен қарау қағидасы уақыт өте әлсіреп, билеушілер жергілікті халықтардың сенімдерін қабылдай бастады. Бұл жағдай Жошы, Шағатай және Илхан мемлекеттерінен байқалады. Нәтижесінде үш ұлыстың билеушілері мұсылмандықты қабылдап, жергілікті мәдениетпен ықпалдасты. Жошы ұлысындағы исламдану үш кезеңнен тұрды: Берке хан исламды мемлекеттік дін деңгейіне көтерсе, Өзбек пен Жәнібек тұсында халық жаппай исламданды. Фиқһта Әбу Ханифа, ақидада Матуриди, рухани ілімде кубрауи және ясауи мектептері орнықты. Кейін ясауи мектебі басымдық алып, «ханафи-матуриди-ясауи» үштағаны қалыптасты. Осы негізде түркілік дүниетаным исламдық құндылықтармен, дін дәстүрмен сабақтасып, дәстүрлі діни таным орнықты. Бұл мұра Қазақ хандығына жалғасып, қазақ рухани кеңістігінің тұтастығына айналды. Сондықтан аталған дәуірдің діни антропологиясын зерттеу маңызды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Дінтану