Дулат Исабековтың «Транзиттік жолаушы» пьесасындағы жатсыну мотиві (салыстырмалы талдау)
17 23
Кілт сөздер:
жатсыну, қазақ драматургиясы, экзистенциалдық дағдарыс, салыстырмалы әдеби зерттеулер, мәдени трансформация.Аңдатпа
Бұл мақалада Дулат Исабековтің «Транзиттік жолаушы» (1989)
пьесасындағы жатсыну мотиві кеңестік дәуірден посткеңестік және өтпелі кезеңге тән
мәдени және тарихи өзгерістер контекстінде қарастырылады. Жатсыну мотиві әлеуметтік
және мәдени тұрақсыздық жағдайында ұжымдық және жеке тұлғалық болмыстағы түбегейлі
өзгерістерді бейнелейтін әмбебап категория ретінде талданады. Сэмюэл Беккеттің «Годоны
күту» және Теннесси Уильямстың «Тілектер трамвайы» шығармаларымен салыстырмалы
талдау жүргізу арқылы мақалада жатсынудың типологиялық және семантикалық аспектілері
зерттеліп, уақыт категориясы, әлеуметтік болмысты жоғалту және мәдени жадының
ыдырауы сияқты аспектілерге назар аударылады. Авторлар Исабеков жатсыну мотивін
қолдану арқылы өткен мен бүгінгі күннің арасындағы үзіліс туындатқан экзистенциалдық
дағдарыстарды бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік және мәдени интеграция
процесіне жаңа көзқарас ұсынады деп тұжырымдайды. Исабековтің пьесасындағы жатсыну
мәдени дәстүрлерді сақтау мен өзгермелі шындықтарға бейімделу қажеттілігі арасындағы
диалектикалық процесс ретінде қарастырылады, бұл ақыр соңында ұжымдық болмыстың
қайта анықталуына алып келеді. Осылайша, мақалада жатсыну мотивіне түпнұсқалық
интерпретация ұсынылып, оның жаһандық әдеби процестер контексіндегі қазақстандық
драматургияның шекараларын кеңейтуге қосқан үлесі көрсетіледі
Әдебиеттер тізімі
Hooti N., Shooshtarian S. Quest for Identity in Tennessee Williams' The Streetcar Named Desire //
Studies in literature and language. – 2011. – Vol.2. – No.3. – P. 18–29.
Saleem A., Bani-ata H. Theme of alienation in modern literature // European Journal of English
Language and Literature Studies. – 2014. – Vol. 2. – №3. – P. 67–76.
Identity Alienation in Literature // Academic Journal of Interdisciplinary Studies. – 2015. – Vol. 4. –
№1 S1. – P. 53–56.
Isabekov D. Tranzitnyi passajir [Transit passenger] // Prostor. – 1992. – №2. [Electronic resource].
URL: http://zhurnal-prostor.kz/assets/files/Drama/Dulat-Isabekov.pdf (date of access 30.05.2024) [in
Russian]
Migration, Alienation, and Literature // Journal of Development and Social Sciences. – 2021. – Vol. 2. –
№3. – P. 500–508.
Scott A. A Desperate Comedy: Hope and alienation in Samuel Beckett’s Waiting for Godot //
Educational Philosophy and Theory. – 2013. – Vol. 45. – №4. – P. 448–460. DOI:
1080/00131857.2012.718149.
Beckett S. Waiting for Godot // Saylor Foundation. [Electronic resource]. URL:
https://resources.saylor.org/wwwresources/archived/site/wp-content/uploads/2011/01/Waiting-forGodot.pdf (date of access 30.05.2024) 8. Williams T. A Streetcar Named Desire. [Electronic resource]. URL:
http://jhampton.pbworks.com/w/file/fetch/53101025/Streetcar.pdf (date of access 31.08.2024)
Kim A. Gruppovoi portret kazakhskogo ekzistencializma [A group portrait of Kazakh existentialism].
[Electronic resource]. URL: https://kazpravda.kz/n/gruppovoy-portret-kazahskogoekzistentsializma/ (date of access 13.05.2024) [in Russian]
Abdina A.K., Sarsenbekov N.Z. Göçebe medeniyetinde varoluşçuluk dünya görüşü [Existential
Worldview in a Nomadic Civilization] // Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2021. – №2 (120). – B.
–48. DOI: https://doi.org/10.47526/habarshy.vi2.584. [in Turkish]