СТУДЕНТТЕРГЕ ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

140 322

Авторлар

  • Н.С. УТЕУЛИЕВ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Н.К. МАДИЯРОВ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

виртуалды шындық, толықтырылған шындық, геометрияны оқыту, цифрлық білім беру ресурстары, болашақ математика мұғалімі.

Аңдатпа

Берілген мақалада цифрлық білім беру ресурстары оның ішінде виртуалды және толықтырылған шындық технологияларын (VR/AR) болашақ математика мұғалімдеріне геометрия курсын оқыту процесінде қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде студенттердің тиімді білім алуы үшін алдымен жаңа білімді меңгеруге деген қызығушылығын тудыру қажет, сонда ғана жаңа материалды ұзақ мерзімді есте сақтауға мүмкіндік туады. Ал ХХІ ғасыр жастарын бейнетаспа, презентация, суреттермен қызықтыру мүмкін емес. Сондықтан да оқыту процесінде VR/AR технологияларын қолданудың болашағы зор. Авторлар берілген мақалада зерттеу тақырыбы бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамаларға талдау, зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне талдау, студенттермен жүргізілген онлайн-сауалнама мен әңгіме нәтижелеріне талдау жүргізген. Сонымен қатар берілген мақалада практикалық сабақ жүргізу кезінде «Айналу денелері» тарауын AR технологиясын қолдана отырып жүргізілген бірнеше тапсырмалар мен олардың цифрлық орындалу үлгілері келтірілген. Математика білім беру бағдарламасында білім алушы 54 студентпен VR/AR технологияларымен таныстығы және оларды қаншалықты қолданатындығын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіп, нәтижелері толық көрсетілген. Сауалнама нәтижелері бойынша AR технологияларының геометрия курсына арналған қосымшалары мен бағдарламаларының мүмкіндіктерін меңгермегендігі және осы салада білімдерін әдістемелік және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру керек екендігі анықталды. Авторлар болашақ математика мұғалімдеріне толықтырылған шындық технологияларын геометрия сабақтарында пайдалануды үйрету, студенттердің визуализациялау процесін ынталандырып, білім алушылардың шығармашылық, ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастырады деп есептейді.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ