Журнал туралы

2002 жылы 9-12 қазан аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен дәстүрлі І халықаралық Түркология конгресінде қазіргі заманғы түркология ғылымының өзекті мәселелерін жариялау мақсатында «Түркология» журналын жүйелі түрде шығарып тұру туралы қарар қабылданды. Журнал сол уақыттан бастап тұрақты түрде екі айда 1 рет (жылына 6 рет) басылып шыға бастады (№3200-Ж. 07.09.2002). 2003 жылғы мамыр айынан Париж қаласындағы халықаралық ISSN орталығында (ISSN 1727-060Х), ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мерзімді баспасөз басылымы және ақпараттық агенттігінде (Куәлік № 55-97-Ж 18.ІІ.2005 ж.), 2019 ж. 15 маусымда Халықаралық сериялық басылымдарды тіркеу орталығында (ISSN:2664-3162 (online)) тіркелген.

Жазылу индексі №75706. «Қазпошта» АҚ-мен №10000041-2020-90539 келісім-шарт түзілген.