СКИФТЕРДІ ҚАЗАҚПЕН ТАНУ

Авторлар

  • М. Салғараев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Э. АБДУРАХМАНОВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

скифтер, триада, скинос, ичулут, шафис, скуфус, иппак, Тарғытай, Липоксай, Арпоксай, Колаксай.

Аңдатпа

Тәуелсіздік алғаннан кейін біз отандық тарихты тереңірек білуге тырысамыз. Кеңес дәуірінде кӛптеген тарихи оқиғалар идеологиялық себептермен бұрмаланған. Қазіргі уақытта отандық тарихшылар біздің ата-бабаларымыздың ӛткен ғасырлар мен тіпті мыңжылдықтар тарихының бет-пердесін қалпына келтіруге тырысуда.
Қазақстан аумағы ежелден ӛз заманының кӛптеген ірі державаларының пайда болу, ӛрлеу және гүлдену орны болған. Кӛшпенділер мен олар құрған скиф-сақтар, сарматтар, ғұндар, түркі қағанаттары, Түргеш, оғыз, қарлұқ мемлекеттері, моңғол ұлыстары, Алтын Орда және Қазақ хандығы сияқты саяси құрылымдардың тарихы - Қазақстан жерінде қазіргі мемлекеттіліктің қалыптасуының бастаушысы болды. Бірнеше мыңжылдықтар бойы жер шарының кӛптеген бұрыштарында адамдар ӛздерінің табиғи жағдайлары мен географиялық ортасына тән әртүрлі ӛркениеттер құрды. Египет, шумер, миной, үнді, грек және басқалары сияқты ӛркениеттер ерте қола дәуірінен ерте темір дәуіріне дейін дамыды. Алайда, осы ӛркениеттердің ішінде Ұлы Даланың орасан зор аумағын мекендеген скиф-сақтардың тарихы назардан тыс қалып отыр. Мақаланың мақсаты ежелгі скиф-сақтардың антропологиясын, генеологиясын, тілі мен мәдениетін, дәстүрлері мен дүниетанымын қарастыру және оларды қазақтармен сәйкестендіру болып табылады.

Автор өмірбаяндары

М. Салғараев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы

Э. АБДУРАХМАНОВА, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тарих