ӘБІЛҚАЙЫР ХАННЫҢ КӚРШІЛЕС ХАЛЫҚТАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ МЕН РӚЛІ

Авторлар

  • М. ЖОЛСЕИТОВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қ БАЙМАҒАМБЕТОВ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Әбілқайыр хан, Кіші жүз, Қазақстан, Ресей, Жоңғар мемлекеті, Орталық Азия, башқұрт, қалмақ, ойрат, дипломатия, сыртқы саясат.

Аңдатпа

Мақалада Әбілқайыр ханның ӛмір жолы мен ірі мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуын анықтайтын факторларға, саясаткер, билеуші ретіндегі тұлғалық феноменіне объективті баға беріледі.
ХҮІІІ ғасыр басындағы Қазақ хандығының ішкі саяси және халықаралық жағдайына, оның экономикалық, саяси дағдарысының себептеріне талдау жасалынып, Әбілқайыр ханның қазақ жүздерін біріктіруі, басқыншылар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастыруы, қазақтар арасындағы нақты әлеуметтік жағдайы оның ресми «аға хан» дәрежесіне әбден сәйкес келетінін анықталды.
ХҮІІІ ғасырдағы қазақтардың Ресеймен жан-жақты қарым-қатынастарды дамытуы, кӛрші Орталық Азия мемлекеттерімен дипломатиялық және экономикалық қатынастарды орнату жолындағы мемлекеттік қызметі қарастырылады. Сонымен бірге қалмақ және башқұрт халықтарының қарым-қатынастарының деңгейі оның дамуы мен шиеленісуіндегі Әбілқайыр ханның позициясы, негізгі басымдықтары зерделенеді. Әбілқайыр ханның қарақалпақ ханы атанғаны, қарақалпақтардың Ресеймен саяси қатынасындағы рӛлі анықталады. Әбілқайырдың билеушілерге тән барлық тұлғалық қасиеттері, мүмкіндіктерінің кӛрініс табуы аталмыш халықтарға тікелей байланысты.
Әбілқайыр хан жалпы қазақтың ұлттық мүддесін алға тартып, ӛз халқының тыныш, бейбіт ӛмірін қамтамасыз етуге ұмтылды. Оның саяси және стратегиялық таңдауы кез келген ірі саясаткер мен мемлекет қайраткері үшін күрделі халықаралық саяси жағдайда ӛз ұстанымын пайдаланып, сындарлы геосаясат жүргізіп, одақтастарын таба білудің қаншалықты маңызды екенін айқын кӛрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тарих