ПӘНДЕРДІҢ КӘСІБИ ЦИКЛІНДЕ ТРИБОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМІН ДАЯРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Авторлар

  • М. СКАКОВ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • М. НУРИЗИНОВА С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

трибологияның физикалық негіздері, болашақ физика мұғалімі, кәсіби цикл, жұмыс оқу бағдарламасы, арнайы курс, кәсіби даярлық, білім беру жүйесін жаңарту, ғылыми орталық

Аңдатпа

Мақалада пәндердің кәсіби циклінде трибология саласындағы болашақ физика мұғалімдерін даярлаудың қажеттілігі қарастырылады. Жоғары оқу орындарының физика білім беру бағдарламаларының студенттері үшін теориялық-эксперименттік зерттеудің нақты мәселелерін шешу үшін трибологияның физикалық процестерін визуализациялау және модельдеу құралдарын жасау ұсынылады. Сондай-ақ, трибологияның физикалық негіздері бойынша арнайы курс әзірлеу және оны жалпы физика курсының тиісті бөлімдерін оқыту кезінде оқу процесіне енгізу ұсынылады.
Жұмыста мысал ретінде трибожүйелер элементтерінің өзара әрекеттесуінің термодинамикалық негіздері келтірілген. Трибожүйелер мен сыртқы факторлардың әсерінен материалдардың жабындарының термодинамикалық және функционалдық сипаттама-ларындағы өзгерістер Шығыс Қазақстан университетінде құрылған «Беттік инженерия және трибология» ғылыми орталығының зерттеу пәні болып табылатындығын ескере отырып, авторлар физика білім беру бағдарламалары студенттері трибологияның физикалық негіздерін меңгеруі орынды деп санайды. Осы орталықтың құрамында әлемдік стандарттарға сәйкес келетін ғылыми-зерттеу эксперименттік базасы және ғылыми дәрежелері мен атақтары бар жоғары білікті кадрлар, трибология саласындағы мамандар бар екендігі көрсетілген. Осы мақсатқа жету үшін университетте ғылыми эксперименттік базаның және тиісті кадрлық әлеуеттің болуы өте маңызды.

Әдебиеттер тізімі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: 2020 жылғы 1 қыркүйек [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: http://www.akorda.kz.

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 октября 2018 года No 604 «Об утверждении государственных общеобязательных стандартов образования всех уровней образования»: 5 мая 2020 года №182.

6В01502 – «Физика мұғалімін даярлау». – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті. – Шымкент, 2019. [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: http://www.okmpu.kz.

«6В01504 – Физика (білім)» білім беру бағдарламасы. – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. – Алматы, 2019. [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: http://www.kaznpu.kz.

6В01502 – Физика мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы. – С. Аманжолов атындағы ШҚУ. – Өскемен, 2020 [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: http://www.vkgu.kz.

Ramankulov, S., Dosymov, Y., Turmambekov, T., Azizkhanov, D., Kurbanbekov, S., & Bekbayev, S. (2020). Integration of case study and digital technologies in physics teaching through the medium of a foreign language // International Journal of Emerging Technologies in Learning, 15(4), 142–157.

Шарощенко В.С. Подготовка будущего учителя физики в области нанотехнологий ̸ В.С. Шарощенко, Н.В. Шаронова, И.В. Разумовская ̸̸ ̸ Школа будущего. – 2015. – №4. –С. 55–61.

Беркович И.И., Громаковский Д.Г. Трибология. Физические основы, механика и технические приложения: учебник для вузов. – Самара: Самар. гос. техн. ун-т., 2000. – 268 с.

Машков, Ю.К. Трибофизика и структурная модификация материалов трибосистем: монография / Ю.К. Машков, О.В. Кропотин. – Омск: Изд-во ОмГТУ, 2009. – 324 с.

«Беттік инженерия және трибология» ғылыми зерттеу орталығы С. Аманжолов атындағы ШҚУ [Электронды ресурс]. – Өскемен, 2020. – Кіру режимі: http://tribology.vkgu.kz/

Rakhadilov B.K., Miniyazov A. Zh., Skakov M., Sagdoldina Zh. B., Tulenbergenov Т., Sapataev E.E. Structural modification erosion plasma-irradiated tangsten and molybdenum surfaces // Technical physics. – 2020, Vol. 65, No. 3. – P. 382–391.

Sagdoldina Zh.B. Rakhadilov B.K., Skakov M.K., Stepanova O.А. Structural evolution of ceramic coatings by mechanical alloying ̸ ̸ Materials testing. – 2019, 61(4). – P. 304–308

Rakhadilov B.K., Skakov M., Tulenbergenov Т., Zhurerova L., Kurbanbekov Sh., Plasma installation for research of plasma-surface interaction // Eurasian PhysicalTechnical Journal. –2019, Vol.16, No.2 (32). – Р. 36–42.

Скаков М.К., Ерыгина Л.А., Батырбеков Э.Г., Котов В.М. Способ поверхностной закалки деталей из конструкционной стали. Патент №32397 на изобретение // Бюл. №9. – 2017. –15 мая.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ