Қазақ жазу тарихындағы әліпби жүйесінің қалыптасуы

Авторлар

  • Н. Каттабекова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Ш. Нурманова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

әліпби, кириллица, латын, жаңа қаріп, графика, кеңес, депутаттар.

Аңдатпа

Мақала 1920–1950 жылдары аралығындағы қазақ әліпбиінің өзгертілу тарихын зерттеуге арналған. Оның тарихнамалық зерттелу деңгейі мен деректік көздерін жаңаша тұрғыдан қарастыру мақаланың басты мақсатын айқындайды. Аталған кезеңдегі бұл саясаттың әсіресе, әліпби ауыстыру мәселесі үстірт, асығыс саясаттың араласуымен науқан түрінде, асқан қатыгездікпен көрініс тапқаны мұрағаттық тың деректер арқылы зерттеу жұмысында талдауға алынған. Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жетіп, бірнеше ғасырлар бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені, 1929–1940 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бастап кирил графикасы әліпбиінің қолданылғаны баяндалады. Сондай-ақ, мақалада қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеген, алғашқы әліпбиді құрастырған тіл саласының майталмандары жайлы да сөз болады. Қазақтың белгілі қоғам қайраткерлерінің, осы бағыттағы айтулы ғалымдарының ағартушылыққа, оқу-білімге байланысты сіңірген ерен еңбектері бүгінгі тәуелсіз еліміздің латын графикасына қайта көшуге арналған ауқымды іс-шаралары тұсында да құнды екендігі белгілі. Қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшірудің үкіметтік жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатқан қазіргі кезеңде қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатын латын әліпбиінің тарихына көз жүгірту – мақаланың құндылығы болып отыр.

Әдебиеттер тізімі

Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды? – Алматы: Атамұра, 1993. – 128 б. 2. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғ. өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 551 б. 3. Алдамжар З. Тарих: пайым мен тағылым. – Алматы: Арыс, 2002. – 288 б. 4. Әміржанова Н. Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы: филол. ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 2010.

Языковая политика в Казахстане (1921–1990 годы): Сборник документов / Сост. М.К. Айбасова, Р.К. Имажанова, Г.Т. Исахан, Б.Ж. Кадушев; Пред. М.Ж. Хасанаева. – Алматы: Қазақ университеті, 1997. – 160 б. 6. Жүнісбек Ә. Қазақ жазуы: төл дыбыс – төл әліпби [Электронды ресурс]. URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/3264 7. Сүлейменов О. Жазу тілі. – Алматы: Атамұра, 1996. – 145 б. 8. Піскентбай Қ. Әлем қазақтары үшін ортақ латын әліпбиі қажет // Тіл және қоғам. – 2005. – №2. – Б. 114–118. 9. Күдеринова Қ.Б. Түркі халықтары әліпбилерін бірдейлестіру туралы // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2005. – №3. – Б. 21–26. 10. Құлсариева А., Қоғабаева Ә. Қазақ хаткерлігі және әліпби мәселесі // Материалы междунар. науч.-практ. конф., посвящ. памяти д.пол.н., профессора М.С. Машана / Отв. ред. Л.М. Иватова. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – Б. 424–429.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ