XХ ғасыр басындағы түркі халықтарының балалар поэзиясын оқытудың инновациялық-технологиялық ерекшеліктері

Авторлар

  • А.Б. Мухамеджанова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

түркі халықтары, балалар поэзиясы, инновациялық-технологиялар, дидактика, эвристикалық оқыту әдістері, когнитивтік оқыту әдістері.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі уақытта жоғары білім беру жүйесінде оқыту үдерісін ұлттық құндылықтарға бағыттау мәселесін, гуманитарлық пәндерді, соның ішінде қазақ әдебиетін оқытудың инновациялық-технологиялық ерекшеліктерін қарастыру көзделген. XХ ғасыр басындағы түркі халықтарының балалар поэзиясын инновациялық оқытудың инновациялық-технологиялық ерекшеліктері зерттелген. Түркі халықтарының балалар поэзиясының өзек болуы қазіргі жастардың бойына түп тамырымыздың терең тарихын білуге деген ынталылықты оятатындығы айқындалған. Жоғары оқу орындарында әдебиетті оқытуда көркем шығармалардың тәрбиелік қуатына назар аудару қазіргі жаһандану дәуірінде адам болмысының өзгеріп, руханилықтан алшақтап бара жатқан кейбір жағдайларда сөз өнерінің, көркем әдебиеттің тұлға тәрбиесіндегі мәнін түсінуіне де ықпал ететіндігімен ерекшелентіндігі заманауи тәсілдермен делелденген. Қазіргі оқыту жүйесінде сабақ дәстүрлі және дәстүрлі емес сипатына қарай бірнеше топқа бөліну ерекшеліктері сөз болған. Жоғары кәсіби білім беруде филолог, тіл мен әдебиет мамандарын даярлауда әдебиетті оқытудың мынадай жалпыдидактикалық бірнеше ұстанымдары (жүйелілік және қол жетімділік, әдебиетті оқытудың белсенділігі, т.б.) және эвристикалық оқыту әдістері, когнитивтік оқыту әдістері талданған. Сонымен қатар, әдіскер-ғалымдардың білім беру жүйесіндегі пәндерді оқытудағы ұстанымдары топтастырылған: 1) әдіснамалық ұстанымдар; 2) ғылыми ұстанымдар; 3) психологиялық ұстанымдар; 4) жеке дидактикалық ұстанымдар.

Шығармашылық міндеттерді шешу әдістері екі топқа бөлініп (логикалық және эвристикалық) зерделенген. Оқытудың эвристикалық әдістерінің жіктелуі ерекшеліктері қарастырылған. Оқытудың когнитивтік (танымдық) әдістерінің ғылыми әдістерге, оқу пәндері және метапәндік әдістерге жіктелуі, оқытудың креативтік әдістері сөз етілген.

Әдебиеттер тізімі

Тоқаев Қ.К. Тәуелсіздік бәрінен де құнды // Егемен Қазақстан, 2021 жыл, 20 мамыр.

Назарбаев Н.Ә. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 2018 жыл, 5 қазан.

Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск: Университетское, 1979. – 186 с.

Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса (методические основы). – М.: Просвещение, 1982. – 192 с.

Лернер И.Я. Современная дидактика: теория-практика. – М.: Педагогика, 1995. – 172 с.

Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. – Алматы: РБК, 1999. – 83 б.

Құсайынов А.Қ. Салыстырмалы педагогика. – Алматы: ROND@A, 2011. – 256 б.

Андреев В.И. Педагогика высшей школы. Инновационно-прогностический курс. – Казань: Центр инновационных технологий, 2013. – 500 с.

Архангельский А.Н., Смирнова Т.Ю. Литература, 5 класс. Часть 2. – М.: Дрофа, 2017. – 120 с.

Таубаева Ш.Т., Булатбаева А.А. Методология и методика педагогических исследований. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 214 c.

ҚР Білім туралы Заңы. – Астана: Литера, 2000. – 96 б.

Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері. – Алматы: Паритет, 2011. – 244 б.

REFERENCES

Toqaev Q.K. Tauelsіzdіk barіnen de qundy [Independence is more valuable than anything else] // Egemen Qazaqstan. 2021 jyl, 20 mamyr. [in Kazakh]

Nazarbaev N.A. «Qazaqstandyqtardyn al-auqatynyn osuі: Tabys pen turmys sapasyn arttyru» atty Qazaqstan halqyna Joldauy [Address to the people of Kazakhstan “Increasing the welfare of Kazakhstanis: increasing income and quality of life”] // Egemen Qazaqstan, 2018 jyl, 5 qazan. [in Kazakh]

Harlamov I.F. Pedagogika [Pedagogy]. – Minsk: Universitetskoe, 1979. – 186 s. [in Russian]

Babanskiy Iu.K. Optimizaciia uchebno-vospitatelnogo processa (metodicheskie osnovy) [Optimization of the educational process (methodological foundations)]. – M.: Prosveshenie, 1982. – 192 s. [in Russian]

Lerner I.Ia. Sovremennaia didaktika: teoriia-praktika [Modern didactics: theory-practice]. – M.: Pedagogika, 1995. – 172 s. [in Russian]

Sabyrov T. Bolashaq mugalіmderdіn didaktikalyq daiyndygyn jetіldіru [Improving the didactic training of future teachers]. – Almaty: RBK, 1999. – 83 b. [in Kazakh]

Qusaiynov A.Q. Salystyrmaly pedagogika [Comparative pedagogy]. – Almaty: ROND@A, 2011. – 256 b. [in Kazakh]

Andreev V.I. Pedagogika vysshei shkoly. Innovacionno-prognosticheskiy kurs [Pedagogy of the higher school. Innovative and prognostic course]. – Kazan: Centr innovacionnyh tehnologiy, 2013. – 500 s. [in Russian]

Arhangelskiy A.N., Smirnova T.Iu. Literatura, 5 klass [Literature, Grade 5]. Chast 2. – M.: Drofa, 2017. – 120 s. [in Russian]

Taubaeva Sh.T., Bulatbaeva A.A. Metodologiia i metodika pedagogicheskih issledovaniy [Methodology and methods of pedagogical research]. – Almaty: Qazaq universitetі, 2015. – 214 c. [in Russian]

QR Bіlіm turaly Zany [Law of the Republic of Kazakhstan on education]. – Astana: Litera, 2000. – 96 b. [in Kazakh]

Kelіmbetov N. Turkі halyqtarynyn ejelgі adebi jadіgerlіkterі [Ancient literary artifacts of the Turkic peoples]. – Almaty: Paritet, 2011. – 244 b. [in Kazakh]

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ