ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДІ СУРЕТТЕУДЕГІ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР

Авторлар

  • ИСЛАМ Д.А. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • НАРМЕТОВА С.Ғ. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Мәңгілік ел, адамтану концепциясы, шағын жанр, ұлттық ой-сана, дүниетаным философиясы.

Аңдатпа

Мәңгілік ел идеясы тарихи негізінің бірі ұлттық идеологиямызға айналған Алаштану-Қазақтану-Адамтану ұғымдары. Алаштану ұғымы өміртану, адамтанудың әдебиеттегі типаждық категорияларымен сабақтасады. Адамтану концепциясы өміртаным философиясы аясында моралдық құндылықтармен өлшенеді. Мақала Алаштану-Қазақтану негізінде азаматтық ой-санаға қозғау салатын «Адамтану» идеясының прозалық туындылардағы суреттелуі жайлы. Адамтану-өміртанудың көркем әдебиеттегі дәстүрлі жолы прозаның шағын жанрында суреткерлікпен көрініс табуда. Алаштану-адамтану идеясының көркем мәтінде бейнелену тәсілдері қазіргі прозаны талдау арқылы жан-жақты сараланады. Қазіргі қазақ әңгімесінде болмысымызға жат мінездің қалыптасуына әсер етуші факторлар персонаж диалогы мен монологы,автор сөзі мен оқиға ситуациясында бейнеленеді. Жат сана иесіне айналған кейіпкердің халық арасында көптеп кездесуі әлеуметтік белсенділігінің арта түсуіне де ықпал етуде. Жазушы қоғамдық сананың осындай өзекті мәселесіне қарсы күресе алатын ұлттық характерді адамтанудың философиялық негіздерімен қалай сомдайды деген сауалдарға мақаланың талдау нәтижелері арқылы қол жеткізіледі. Жазушының суреткерлік ізденісіндегі стильдік даралығы, дүниетанымдық метафоралық ойды бейнелеудегі тіл ұстарту жаңашылдығы шеберлік әдістерімен бірлікте қарастырылады. Әдебиеттегі адамтану – өміртану шығарма концепциясымен астасып, персонаждың ғұмыр жолындағы алуан сәттерден ғибрат немесе керісінше адамдыққа жат әрекеттер себеп-салдарын ашып көрсететіндігіне ғылыми сараптау жүргізілді. Бұл өз кезегінде қазіргі жаhандану мен капиталистік дәуірде ұлттық болмысты сақтауға, ата дәстүрді жаңғыртып, қасиет, кие ұғымдарымен халық санасын кемелдендіруге бастар қарапайым жол екендігі мақалада жете түсіндірілді. Жазушының әр шығармасындағы өміртаным–қазақтаным–адамтаным тұтастығындағы дүниетанымдық философиясы ұлттық менталитетке оралтып, мемлекеттік идеологияны қалыптастыруға болатын сана сөзі жайында ғылыми танымдық талдау жасалды.

Әдебиеттер тізімі

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Dana Shayakmetova, Aigul Baituova, Kazyna Bekbenbetova, Dosbol Islam, Saule Yerzhanova The development of teachers multicultural competence in the context of modern higher education // Journal is included to Scopus. – 2017 issues. Database: https://www.scopus.com/sourceid/82170?origin=sbrowse

Дәутайұлы Н. Айғыр кісі. 2 томдық таңдамалы шығармалары. Т.1. – А.: Ан-Арыс, 2008.–276 б.

Отарбаев Р. Біздің ауылдың амазонкалары. – Астана: Фолиант, 2012. – 424 б.

Дәутайұлы Н. Кісі иесі: повестер мен әңгімелер. – Астана: Фолиант, 2018. – 240 б.

Әлмашұлы Ж. Ащы да тәтті өмір. – Астана: «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК Баспа-полиграфиялық орталығы, 2018. – 240 б.

Мантай А. Жүрекке оралу. – Нұр-Сұлтан: Қаламгер, 2019. – 158 б.

Харуки Мураками. Лексингтондағы елестер. Әңгімелер. / Орыс тілінен аударғандар Б. Қожабекова, Д. Рамазан. – Астана: Аударма, 2011. – 344 б. 8. Бекежан Ө.Қ. Серікбол Қондыбайдың мифологиялық концепциясының философиялық негіздері // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2020. – №1(115). – Б. 32–41.

Аймұхамбетова Ж.Ә. Мифтің поэтикадағы қызметі: монография. – А.: Жазушы, 2010. – 520 б.

Ергөбек Қ.С. Қарасөз. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. – 600 б.

REFERENCES

Dana Shayakmetova, Aigul Baituova, Kazyna Bekbenbetova, Dosbol Islam, Saule Yerzhanova The development of teachers multicultural competence in the context of modern higher education // Journal is included to Scopus. – 2017 issues. Database: https://www.scopus.com/sourceid/82170?origin=sbrowse

Dautaiuly N. Aigyr kіsі. 2 tomdyq tandamaly shygarmalary [Stallion man. Selected works in 2 volumes]. T.1. – A.: An-Arys, 2008. – 276 b. [in Kazakh]

Otarbaev R. Bіzdіn auyldyn amazonkalary [Amazons of our village]. – Astana: Foliant, 2012. – 424 b. [in Kazakh]

Dautaiuly N. Kіsі iesі: povester men angіmeler [Owner of human: novels and stories]. – Astana: Foliant, 2018. – 240 b. [in Kazakh]

Almashuly J. Ashy da tattі omіr [The bitter and sweet life]. – Astana: «QR Prezidentіnіn Akіmshіlіgі men Ukіmetіnіn akіmshіlіk gimarattary direkciiasy» RMK Baspa-poligrafiialyq ortalygy, 2018. – 240 b. [in Kazakh]

Mantai A. Jurekke oralu [Back to the heart]. – Nur-Sultan: Qalamger, 2019. – 158 b. [in Kazakh]

Haruki Murakami. Leksingtondagy elester. Angіmeler [Ghosts in Lexington. Stories]. / Orys tіlіnen audargandar B. Qojabekova, D. Ramazan. – Astana: Audarma, 2011. – 344 b. [in Kazakh]

Bekejan O.Q. Serіkbol Qondybaidyn mifologiialyq konсepсiiasynyn filosofiialyq negіzderі [Philosophical Basis of the Myphological Concept of Serikbol Kondybay] // Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2020. – №1 (115). – B. 32–41. [in Kazakh]

Aimuhambetova J.A. Miftіn poetikadagy qyzmetі: monografiia [Function of myth in poetics: monograph]. – A.: Jazushy, 2010. – 520 b. [in Kazakh]

Ergobek Q.S. Qarasoz [Words of edification]. – Almaty: El-shejіre, 2013. – 600 b. [in Kazakh]

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ