ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ҚАБІРХАНАСЫНЫҢ ЕСІГІ ЖӘНЕ ЖОҒАЛҒАН ТОҚПАҚШАЛАР

Авторлар

  • М. ТАСТАНБЕКОВ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Г. СЫЗДЫҚОВА Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  • З. МҰҚАТАЕВА Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Кілт сөздер:

Қожа Ахмет Ясауи, Ясауи кесенесі, қабірхана есігі, тоқпақшалар, Изз ад-дин ибн Тадж ад-дин Исфахани, Эрмитаж.

Аңдатпа

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде Әмір Темір кезеңінен жеткен құнды жәдігерлер оларды жасаған шеберлердің есімдерінің жазылуы, тапсырыс берушінің Әмір Темір екендігі және жасалған уақыты көрсетелген жазбалармен де аса құнды. Мақалада осындай бірегей туындылардың бірі – Қожа Ахмет Ясауи қабірханасының есігі және оның жоғалған тоқпақшалары талданады. Қабірхана есігі және жақтаушаларындағы жазулардағы аят үзінділері және хадистер мен даналық сөздердің аудармалары берілумен қатар, қабірхана есігінің ондағы жалпы сипаттары қарастырылады.
Қабірхана есігінің жоғалған тоқпақшалары туралы жазылған мақалалармен бірге, Эрмитажда сақталған тоқпақша суреттері, ондағы жазбалар сарапталады. Тоқпақшадағы жазбалар жөнінде ғалымдардың зерттеулері салыстырылып, талданады. Тоқпақшаның бетіндегі жазулар кесене порталындағы қақпа есік тоқпақшаларының жазу мәтінімен бір екендігіне мән берген. Тоқпақша сөзі шартты түрде алынғанын, зерттеулерде қабірхана есігіндегі тоқпақшалары түрлі атаулармен беріліп жүргендігін жазады. Б. Тұяқбаева, М. Тұяқбаев, А. Иванов өз еңбектері мен мақалаларында «балғаша (балға, молоток)» атауын қолданса, Ә. Муминов, М. Қожа мақаласында «тоқылдақша», Міржақып Дулатов «болат тұтқа» деп атаса, «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» кітабының авторлары «алқа» сөзін қолданған.
1959 жылы жоғалған тоқпақшаны сақталып қалды деген В.И. Кесаевтың фото суреті мен А. Гуржиенконың қалам сызбасынан бөлек, жаңадан табылған 1947, 1949 жылдардағы еңбек пен ғылыми есепте анықталған жоғалған тоқпақшалардың суреттері сипатталады. Мақалада бірқатар ұсыныстар мен өзіндік тұжырымдама ұсынылады.

Әдебиеттер тізімі

Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы // Егемен Қазақстан. №60, 1 сәуір 2021 жыл.

Аймауытов Ж. Әзірет Сұлтан // Жаңа әдебиет. – 1929. – №1 – Б. 70–81.

Тамыры терең Түркістан. – Нұр-Сұлтан: Нурнама. KZ, 2018. – 308 б.

Дулатов М. Хазірет сұлтан // Түркістан. – 2019. – 7 қараша (№ 44). – C. 6.

Кожа М., Елгин Ю.А. Туркестан и Отрар в неопубликованной рукописи Н.И. Веселовского о древних городах Сырдарьи // Қазақстан археологиясының жаңа зерттеулері. “Марғұлан оқулары–15”. – Алматы, 2004. – Б. 237–241.

Массон Е.М. Мавзолей Ходжа Ахмеда Ясави. – Ташкент: Узполиграфтрест, 1930. – 24 с.

Дастанов О. «Әулиелі» жерлер туралы шындық. – Алматы: Қазақстан, 1967. – 80 б.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. – Алматы: Эффект, 2013. – 208 б.

Есіктер. – Түркістан: «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, 2009. – 20 б.

Туякбаева Б.Т. Эпиграфический декор архитектурного комплекса Ахмеда Ясави. – Алма-Ата, 1989. – С. 32–34.

Массон Е.М. О постройке Мавзолея Ходжа Ахмеда в городе Туркестане / Известия Средне-Азиатского географического общества. Том ХІХ. – Ташкент, 1929. – С. 39–45.

Иванов А.А. О молотках на дверях усыпальницы мавзолея Ходжа Ахмеда Ясеви / Эрмитажные чтения 1886–1994 годов памяти В.Г. Луконина. – Санкт-Петербург, 1995. – С. 105–108.

Түркістан – руханият бесігі. – Нұр–Сұлтан: Нурнама KZ, 2019. – 504 б.

Тұяқбаев М. Әзірет Сұлтан кесенесінен алып кетілген жәдігерлер // «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркістан» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Түркістан, 17–18 қазан, 2019.

Муминов Ә.Қ., Қожа М.Б. Кесененің қолды болған жәдігерлері жайында. [Электронды ресурс]. [URL]: https://kozhalar.kz/20185734-kesenening-qoldy-bolghan-zhadigerleri-zhajynda

Иванов А.А. О бронзовых изделиях конца ХІV века из мавзолея Ходжа Ахмеда Ясеви / Средняя Азия и ее соседи в древности и средневековье (история и культура) / Под редакцией Б.А. Литвинского. – М.: Издательство «Наука, ГРВЛ», 1981. – С. 68–84.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің инженерлік-архитектуралық жағдайын тексеру туралы комиссиясының есебі. – Алматы-Түркістан, 26 қазан 1949 жыл.

Басенов Т.К. Архитектурные памятники в районе САМ. – Алма-Ата: Тип. Академии наук Казахской ССР, 1947. – С. 51.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ