ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Авторлар

  • ИСКАКОВА П.К. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • ЗУБАЙРАЕВА З.А. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Кілт сөздер:

жеткіншек жастағы балалар, құндылықтар, құндылық бағдарлар, тиімді әдіс-тәсілдер, тренинг жаттығулар, қалыптастыру.

Аңдатпа

Бұл мақалада жеткіншек жастағы балалардың құндылық бағдарларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастырылады. Жеке тұлғаның құндылық бағдары бала өмірінің маңызды сипаттамасы болып табылады, өйткені құндылық бағдар балалардың қоршаған ортамен байланысын, өзіндік қарым-қатынас айырмашылықтары мен психикасын белгілейді. Сонымен қатар, балалар құндылық бағдарларын тани отырып, сыныптағы өз орнын іздейді, қоғамдағы әрбір әрекеттің мәні мен мақсаты туралы ойланады. Қоғамдағы әрекеттерге саналы пікірді білдіре отырып, оның басқа адамдарға, қоршаған ортаға және өзіне деген ойын тұжырымдайды, көбінесе жеке дамудың бағыты мен мазмұнын анықтайды. Құндылық бағдарларының қалыптасуы, ерте жеткіншек жастағы балаларда қарқынды жүреді – дүниетанымды қалыптастыру, өмірдің мағынасын іздеу және қоғамдағы өзінің рөлін анықтау үшін маңызды кезең. Қазіргі білім беру жағдайында білім беру үдерісін ұйымдастыруда жеткіншек жастағы балалардың құндылық бағдарларын қалыптастыру үшін тиімді әдістердің кешені қажет. Сондықтан, мақала авторлары педагогика және психология ғылымының қазіргі даму кезеңінде жеткіншек жастағы балалардың қалыптасу ерекшеліктеріне, оның ішінде құндылық бағдарларына ерекше назар аудару керектігін айта отырып, жеткіншектермен жұмыс істеудің тиімді әдісі тренинг жаттығулары қолданылатын сабақтар екенін көрсетеді. Тәжірибелі педагог-психологтардың басшылығымен топтағы тренингтік жаттығулар балалардың қажетті білімін, іскерлігін, дағдыларын, құндылықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ өзін және басқаларды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Әдебиеттер тізімі

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кон И.С. Психология самосознания. – Самара: Бахрах-м, 2000. – 672 с.

Ярина Е.В. Теоретический анализ понятий «ценности» и «ценностные ориентации» // Ученые записки Орловского государственного университета. Серия: Гуманитарные и социальные науки. – 2014. – №5 (61). – С. 160–162.

Ерофеева И.А. Жизненные ценности современных подростков // Новаинфо. – 2016. – №49. – С. 475–482.

Қалымбетова Э.К. Кәсіпке бейімделу мен кәсіби мәнді құндылықтық бағдарларды қалыптастыру ерекшеліктері: псих. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2005. – 28 б.

Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность. – М.: Политиздат, 1975. – 304 с.

Сериков В.В. Личностный подход в образовании: Концепция и технология: монография. – Волгоград: Перемена, 1994. – 152 с.

Жұмасова К.С. Психология. – Астана: Фолиант, 2006. – 292 б.

Файзуллина М.И. Формирование у подростков ценностных ориентаций // Научный альманах. – 2015. – №10-2 (12). – С. 452–455.

Сивцова А.А. Программа тренинга по ценностно-смысловому и личностному самоопределению старших подростков. – Кочки: МКДОУ Кочковский д/с "Солнышко", 2017. – 36 с.

Тренинговые занятия с воспитанниками на формирование эмоционально-волевой сферы. [Электронный ресурс]. URL: https://docviewer.yandex.ru/view/656606019/ (дата обращения 01.12.2018)

Степанов П.В. Диагностика и мониторинг процесса воспитания в школе. – М.: Академия: АПКИПРО, 2003. – 82 c.

REFERENCES

Kon I.S. Psihologiia samosoznaniia [Psychology of self-awareness]. – Samara: Bahrah-m, 2000. – 672 s. [in Russian] 2. Iarina E.V. Teoreticheskii analiz poniatii «cennosti» i «cennostnye orientacii» [Theoretical analysis of the concepts of «values» and «value orientations»] // Uchenye zapiski Orlovskogo gosudarstvennogo universiteta. Seriia: Gumanitarnye i socialnye nauki. – 2014. – №5 (61). – S. 160–162. [in Russian] 3. Erofeeva I.A. Jiznennye cennosti sovremennyh podrostkov [Life values of modern teenagers] // Novainfo. – 2016. – №49. – S. 475–482. [in Russian] 4. Qalymbetova Ie.K. Kasіpke beiіmdelu men kasіbi mandі qundylyqtyq bagdarlardy qalyptastyru erekshelіkterі: psih. gyl. kand. ... avtoref. [Features of adaptation to the profession and the formation of professionally significant value orientations: abstract ... cand. psych. science] – Almaty, 2005. – 28 b. [in Kazakh] 5. Leontiev A.N. Deiatelnost, soznanie, lichnost [Activity, consciousness, personality]. – M.: Politizdat, 1975. – 304 s. [in Russian] 6. Serikov V.V. Lichnostnyi podhod v obrazovanii: Koncepciia i tehnologiia: monografiia [Personal approach in education: Concept and technology: monograph]. – Volgograd: Peremena, 1994. – 152 s. [in Russian] 7. Jumasova K.S. Psihologiia [Psychology]. – Astana: Foliant, 2006. – 292 b. [in Kazakh] 8. Faizullina M.I. Formirovanie u podrostkov cennostnyh orientacii [Formation of value orientations in adolescents] // Nauchnyi almanah. – 2015. – №10-2 (12). – S. 452–455. [in Russian] 9. Sivcova A.A. Programma treninga po cennostno-smyslovomu i lichnostnomu samoopredeleniiu starshih podrostkov [Training program on value-semantic and personal self-determination of older adolescents]. – Kochki: MKDOU Kochkovskii d/s «Solnyshko», 2017. – 36 s. [in Russian] 10. Treningovye zaniatiia s vospitannikami na formirovanie emocionalno-volevoi sfery [Training sessions with pupils on the formation of an emotional and volitional sphere]. [Elektronnyi resurs]. URL: https://docviewer.yandex.ru/view/656606019/ (data obrasheniia 01.12.2018) [in Russian] 11. Stepanov P.V. Diagnostika i monitoring processa vospitaniia v shkole [Diagnostics and monitoring of the process of education at school]. – M.: Akademiia: APKIPRO, 2003. – 82 c. [in Russian]

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ