ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАР – БОЛАШАҚ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МАМАНДАРЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ КЕПІЛІ

ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАР – БОЛАШАҚ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МАМАНДАРЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ КЕПІЛІ

Авторлар

  • M. БЕКБОЛАТ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • K. БЕРКИМБАЕВ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Г. НИЯЗОВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Индустрия 4.0, болашақ АКТ мамандары, икемді дағдылар, коммункиация, креативтілік, сыни ойлау, көшбасшылық, жоғары білім беру, оқыту, бәсекеге қабілеттілік, білім беру, стартап.

Аңдатпа

Ұсынылып отырған бұл мақала болашақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы мамандарында тиімді бизнес идеяларды қалыптастыру, іс-әрекетті жоспарлаудың ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік негіздері туралы білім кешенін қалыптастыру арқылы заманауи технологияларды аясында Startup жоба құру, өнімдерді әзірлеу, бизнес-модель құру мен технологиялық кәсіпкерлікті іске асыруға қажетті икемді дағдыларды дамыту проблемаларына арналған. Инновацияларды коммерцияландыру мүмкіндіктері модельдерінің бірі – стартап құру және іске асыру. Қазіргі уақытта жоғары білім беру бағдарламаларында стартаптарды құру мен өнімдердер коммерцияландырудың тетіктерін іске асыруға болашақ мамандарды кәсіби даярлау маңызды. Нәтижесінде бұл білім беру құрылымының өзгеруіне және көбінесе ірі жоғары оқу орындарының бірінің базасында орналасқан бизнес-инкубаторлардың белсенділігінің артуына ықпал етеді. Осы орайда, стартаптарды құруда білім алушылардың икемді дағдыларының жеткілікті қалыптасуы маңызды рөл атқарады. Дұрыс таңдалған өзара үйлесімді жұмыс жасай алатын командадағы білім алушылар үшін стартап икемді дағдыларды жетілдіру, нарықты талдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ тиісті құралдарды пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан тиімді. Бұдан басқа, жұмыс барысында стартаптың бизнес-жоспарын құрудың кезеңдері толық құрылады, оны білім алушылар кейіннен өз бизнесі үшін негіз ретінде пайдалана алады. Мақалада икемді дағдылар ұғымының ғылыми айналымға енуінің тарихи аспектілері қарастырылған. Цифрлық индустрияға құруға бағдарланған адами капиталды дамыту деңгейін көтеру, инновациялық даму алаңдарын қолдану қажеттілігі және тиімді, табысты стартап-жобаны іске асыруға талпынушы ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында білім алушы жастар санының өсуімен өзектіленетін олардың икемді дағдыларының мәні мен мазмұны анықталған.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ