Тұлғаны ұлттық құндылықтар негізінде рухани адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір педагогикалық аспектілері

Авторлар

  • А. Куздеубаева Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • С. Жакаева А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
  • С. Сопбеков Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

құндылықтар, білім, рухани тәрбие, отбасы, білім алушылар, зерттеу, ұлттық, адамгершілік.

Аңдатпа

Бүгінгі таңда оқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Ал ұлттық мәдени құндылық дегеніміз не? Ол әр ұлттың өзіне тән салт-санасы, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы. Яғни ғасырлар бойы жинақталған рухани және материалдық құндылықтары.
«Адамға ең әуелі білім емес тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби. Қазір XXI ғасыр білім мен ғылымның заманы. Бірақ күшімізді білім мен ғылымға салып, тәрбиені соның ішінде ұлтық тәрбиені ұмытар болсақ, ұтылғанымыз. Өйткені, білімді болғанымен, ұлттық мәдениетті бойына сіңіре алмаса, ол адам ұлт алдында, халық алдында пайдасы жоқ азаматқа айналмақ. Мәдениет демекші, тәрбиелі қауым мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым, мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен арқауланса, өркениеттің шыңына даңғыл жол салынбақ.
Ұлттық тәрбиенің көздері – фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары. Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім, ұлттық адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер, ізгілік сынды сапалық белгілер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттары болады.
Мақаланың өзектілігі, біріншіден, үлттық тәрбие кезінде ұлттық сананы қалыптастыру ең басты алғышарттардың бірі. Бүгінгі таңдағы жаһандану заманында батыс өркениетінің барлық мәдениетін көшіріп алмай, тамырын басып, өз ұлтымызға керегін алып, керексізін ысырып тастауымыз қажет, екіншіден, өскелең ұрпақтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде рухани дүниесі бай, жан-жақты жетілген азамат болып өсуіне тәрбиенің қосар үлесі мол

Әдебиеттер тізімі

Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. – Алма-Ата: Наука, 1985. – 624 с. 2. Жұмабаев М. Таңдамалы. – Алматы: Ғылым. 1992. – 272 б.

Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. [Электронды ресурс]. URL: https://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-khalykka-zholdauy-2010-zh_1341123470

Рысбекова А.К., Мейрбекова Г.П., Пилтен Г., Шалабаева Ж.С. Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастау // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2019. – №3. – Б. 176–187.

Алдамұратов Ә. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері: пед. ғыл. докт. ... автореф. – Алматы, 2001. – 45 б.

Назарбаев Н.Ә. Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы // «Егемен Қазақстан», 11 қазан, 1997. – Б. 6.

Abdimomynov Y., Abdikadyrova T., Smanov B., Sarsembaeva M., Shormakova S. Problems of Humanism in M. Auezov’s stories // Journal of Advanced Research in Dynamical and Control Systems. Vol. 11, No. 5, 2019. Received: 1М.Ж8 Mar 2019/Accepted: 17 Apr 2019. Page 409–418.

Turgunov Y., Abdimomynov Y.B., Smanov B., Shakhanova R., Naimanbaev A., Kenan Koch. The Problem Of Elimination Of Illiteracy By Writing Textbooks In The Steppe // Esta revista fue editada en formato digital por el personal de la Oficina de Publicaciones Científicas de la Facultad Experimental de Ciencias, Universidad del Zulia. Maracaibo – Venezuela. Opción, Año 35, No. 88 (2019): Page 543–566. ISSN 1012-1587/ISSNe:2477-9385. 9. Бөлеев Қ., Ибраимова Л.Н. Қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие. – Алматы, 2008. 10. Ушинский К.Д. Педагогические соч. в 6-ти т. Т. 2. / сост. С.Ф. Егоров. – М.: Педагогика, 1988. – 416 с.

Темірбеков А. Жоғары сынып оқушыларын жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері. – Алматы: Абай ат. мем. унив., 2001.

Сухомлинский В.А. Мудрая власть коллектива. – Москва: Молодая гвардия, 1975. – 238 с.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы Қалыптасқан Мемлекеттің Жаңа Саяси Бағыты. – Астана, Ақорда, 2012. – 102 б.

Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007, 27 шілде.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ