Хз. пайғамбардың [с.а.у.] әкелген әмбебап хабарлары

Авторлар

  • Жасим Авжы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

The Prophet Muhammad, Islam, universal message, tawhîd, morality, justice, knowledge, peace, human rights., Хз. Пайғамбар, әмбебап хабарлар, таухид, ахлақ, әділеттілік, ілім, бейбітшілік, адам құқықтары.

Аңдатпа

Соңғы пайғамбар Хз. Мұхаммед [с.а.у.] әрі өзінің өмір сүрген кезеңге, әрі
қияметке дейінгі бүкіл адамзатқа пайғамбар ретінде жіберілген. Оның бүкіл әлемге әкелген
әмбебап хабарлары Алладан келген соңғы илаһи кітап Құран Кәрімде орын алған. Басқаша
айтқанда, бұл исламның хабарлары. Хз. Пайғамбардың Алладан әкелген, сөз және іс-
әрекеттерімен көрсеткен адамзатқа ұсынған әмбебап хабарлары қияметке дейін
маңыздылығын және өзектілігін сақтайтын ерекшелікке ие. Мақалада осы хабарлардан
таухид, ахлақ, әділеттілік, ілім, бейбітшілік және адам құқықтары тақырыптары
қарастырылады.
Таухид сенімі – алғашқы адам және алғашқы пайғамбар Хз. Адамнан соңғы пайғамбар
Хз. Мұхаммедке [с.а.у.] дейін бүкіл пайғамбарлардың әкелген ортақ хабардың атауы болып
табылады. Бұл сенім Алланың бар, бір және тек оған ғана құлшылық ету керек екендігін
білдіреді, сондай-ақ иманның, діннің және құлшылықтың негізі болып табылады. Көркем
мінез – жақсы адам және жақсы мұсылман болудың негізгі өлшемі. Бұл мәселеде ең әдемі
үлгі Хз. Пайғамбар. Өйткені оның ахлақы, құранның ахлақы. Әділеттілік – қоғамда тіршілік
пен тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды жол, мемлекетті өміршең ететін ең негізгі элемент.
Әділетке қарама-қайшы ұғым болып табылатын зұлымдық пен хақсыздық қоғамды іштен
шірітетін дерт. Ілім – адамзаттың ортақ мүлкі, тура жолды табудағы басты құрал. Сонымен
бірге, ілім үйренумен қатар, оған амал ету де маңызды. Бейбітшілік пен сенімділікте өмір
сүру адамзаттың әрқашан қажет ететін мәселесі. Ислам негізінде бейбітшілік діні, тұлға,
отбасы, қоғам, мемлекет және мемлекетаралық деңгейде өзара құқықтарға сай бейбітшілікте
өмір сүруді мақсат етеді. Адам құқықтары – ислам дінінің ұстануды әмір еткен ең негізгі
принциптерінің бірі. Ислам жеке адамның адам болып жаратылуынан туындайтын барлық
құқықтарына кепілдік берген. Оларға өмір мен мүліктің қауіпсіздігі, дін және сенім
бостандығы, жеке өмір, әділ сот, дене және рухани денсаулықты қорғауды жатқызуға
болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ, ДІНТАНУ