«ТІЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» КОНТЕКСІНДЕ ТҮРКІ ТІЛДЕРІН ҮЙРЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ (қазақ және түрік тілдерінің оқулықтары бойынша)

Авторлар

Кілт сөздер:

лингвомәдениеттану, лингвомәденитанымдық оқыту, зоонимдік лексика, зоонимдік код.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ және түрік тілдерін оқытуда «тіл және мәдениет» контексінің өзектілігі қарастырылады. Мақаланың негізгі бөлімінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері тақырыпқа сай зерделеніп, мәдениет пен тіл арасындағы ажырамас байланыс талқыланады, соның негізінде тіл арқылы мәдениетті, мәдениет арқылы тілді оқытудың маңыздылығы айқындалады. Зерттеу нысаны ретінде қазақ және түрік тілдерінің оқулықтары алынды. Түркі тілдерін үйретуге арналған оқулықтар бойынша тіл үйренушіге ұлттық-мәдени лексиканы, соның ішінде зоонимдік лексиканы оқытудың маңызына, атап айтқанда, зоонимге қатысты мәтін түрлерінің (негізгі, қосымша, түсіндірме) қамтылуы, соған байланысты материалдардың (жаттығулар мен тапсырмалар, талдау, синтездеу, іріктеу және жүйелеуге арналған сұрақтар) берілуі, зоонимге қатысты мәтіндерге берілген тапсырмалардың түрлері (шығармашылық, практикалық, жобалық, практикаға бағдарланған) бойынша статистикалық талдау жасалады. Зоонимдік лексиканы меңгерту арқылы тіл үйренушілердің тілдік дағдысын қалыптастыра отырып, тіл иесінің мәдени өмірін танытудың, меңгертудің әдіс-тәсілдерін талдау, талқылау зерттеу маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу нәтижесінде түркі халықтарының лексикалық қорындағы жан-жануарлар атауына қатысты ұғым-түсініктерді меңгерту, үйрету кезінде ұлт өмірінің мәдени дерегімен бірге қарастырылуы маңызды деген тұжырым жасалды. Статистикалық талдау нәтижесіне сәйкес, қазақ және түрік тілдерін үйретуге арналған оқулықтарда жануарлар әлеміне қатысты мәденитанымдық мәтіндер және мәтін бойынша тапсырмалар көбірек берілсе деген ұсыныс жасалды. «Тіл және мәдениет» сабақтастығы негізінде қазақ және түрік тілдерін оқыту бүгінгі білім беру парадигмаларына лайық деп танылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ