Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудағы case-study әдісін қолдану ерекшеліктері

Авторлар

Кілт сөздер:

интерактивті оқыту, шет тілдері, кейс-стади әдісі, кейстер, коммуникативті құзыреттілік, тілдік орта, студенттерге бағытталған оқыту.

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарында шетел тілдерін интерактивті оқытудың заманауи және белсенді қолданылатын әдістерінің бірі – кейс-стади (case study) әдісін қолдану туралы айтылған. Кейс-стади әдісі бұл сыни ойлау мен тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамытатын әдіс түрі болып табылады. Бұл әдісті студенттерді шетел тілін тиімді пайдалануға ынталандыру үшін қолдануға болады. Авторлар кейс әдісі теориялық білімді практикада қолдануға мүмкіндік береді деп есептейді. Мақалада кейс-стади студенттерден көптеген дағдыларын белсенді түрде дамытуды талап ететіндігі атап көрсетілген. Авторлар студенттердің тілдік дағдыларының деңгейіне байланысты кейс-стади түрлері әр түрлі
болғандықтан сол топтың білім деңгейіне сәйкес проблемалық сабақ түрін дұрыс таңдау
қажет деп санайды. Мейлінше коммуникативті көзқарас мақсатында шетел тілін оқытуда
кейстерді қолдану ерекшеліктерін анықтауға көп көңіл бөлінген. Сабақтарда кейстерді
сөйлеу әрекеті мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін пайдаланатын мысалдар
келтірілген. Кейс-стади студенттер үшін жақсы мотивация болып саналады, себебі әр түрлі
кейс жағдаяттар білім алушылар мен оқытушының жалпы зияткерлік дамуы мен
коммуникативтік әлеуетіне бағытталған. Кейс-стади түрлі практикалық дағдыларды атап
айтқанда мәселелерді шығармашылық шешу және шешім қабылдау сияқты қабілеттерін
дамытады.
Кейс-стади түрлі практикалық дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Мұны мәселелерді
шығармашылық шешу, нақты жағдайларды зерттеу қабілеттерін дамыту және шешім
қабылдау деп сипаттауға болады. Кейс-стади әдісі жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын
дамытады, ынтымақтастық пен топтық жұмыс дағдыларын жақсартады. Авторлар кейс-стади
әдісі студенттерді іскерлік кездесу өткізуге, келіссөздер жүргізуге, презентацияларды
дайындауға және ұйымдастыруға қабілеттілік сияқты ұйымдастырушылық қабілеттерге
үйрететіндігіне баса назар аударады. Мақалада шетел тілі сабақтарында кейс-стадиді
қолданудың артықшылықтары мен қиындықтары көрсетілген. Осы оқыту әдістемесін
қолданған кезде бөлмелер заманауи техникалық оқу құралдарымен жабдықталуы тиіс.
Жоғары оқу орындарында шет тілдерін оқытудың интерактивті әдістерінің бірі ретінде кейс-
стади әдісінің маңыздылығын анықтау – мақала авторларының міндеті болып саналады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ