«Диуани хикметтің» Көкшетау нұсқасындағы есім сөздердің түркілік қабаты және семантикалық ерекшеліктері

Авторлар

Кілт сөздер:

Ахмет Ясауи, Диуани хикмет, Көкшетау нұсқасы, сөздік қор, есім сөздер.

Аңдатпа

Мақалада түркі халықтары әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Ахмет Ясауидің басты еңбегі «Диуани хикметтің» Қазақстанның Көкшетау қаласында сақталған нұсқасының лексикасы, соның ішінде ескерткіштің сөздік қорының ауқымды бөлігін құрайтын есім сөздердің түркілік қабаты қарастырылды. Атап айтқанда, хикметтегі есім сөздердің үш жүзге жуық түркілік қабаты мағыналық жақтан топтастырылды, семантикалық мағыналары мәдени, этносқа тән қасиеттері ескеріле отырып талданды. «Диуани хикметте» кездесетін дербес тұрғанда мағынасы жоқ, мағынасы сөйлем құрамында белгілі болатын сөздер грамматикалық жақтан емес семантикалық мағыналарына қарай бағыттық, белгісіздік, ұқсастық, тепе-теңдік, талғау-таңдау, стильдік, себеп-салдарлық, болып-болмаушылық, қажеттілік секілді мағыналарына қарай бөлінді. Әрбір семантикалық топқа кіретін сөздердің саны және қолданылу жиілігі жөнінде статистикалық мәлімет беріліп, сөздік құрамы бай семантикалық топтарға ерекше назар аударылды. Мұнымен қоса әрбір семантикалық топқа кіретін сөздердің «Диуани хикметтің» сөздік қорындағы орны, эмоциональды-экспрессивті күш-қуаты секілді ерекшеліктеріне тоқталып өтілді. Ескерткіш тілінде қолданылған фразеологизм, метафора, теңеу, эпитет, идиома секілді көркемдеуіш құралдар Ясауидің сөздерді шебер қолдана алатынын және қолтаңбалық-стильдік ерекшеліктерін, ал ескерткіштің сөздік қорының байлығын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ