АРЫСТАН, ҚАБЫЛАН ЗООНИМДЕРІНІҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕРІНДЕГІ ТІЛДІК ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

түркі тілдері, лексикология, этимология, этимологиялық сөздік, зооним.

Аңдатпа

Мақалада түркі тілдеріне ортақ жануарлар атауы қарастырылды. Жануарлар атауының түркі тілдері лексикасы жүйесіндегі орны ерекше. Олар көне лексикалық қабат болуымен және түркі тілдеріне ортақ сипатымен ерекшеленеді. Бүгінгі күні зоонимдер түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктері және жеке бір тілдің түсіндірме сөздіктері бойынша жинақтауды, жүйелеуді, кешенді талдауды қажет етеді. Мұндай талдаулар өз кезегінде түркі зоонимдерінің жалпытүркілік кезеңге дейінгі және одан кейінгі кезеңдерге тән қабаттарын айқындауға, қалыптасу тарихын, тұлғалық өзгерістерін көрсетуге, кейінгі дәуірде пайда болған жаңа түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тарихи сөзжасам, морфология, түркі тілдерінің лексикология салалары үшін де маңызды дерек болып табылады. Жалпы зерттеу барысында түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктері басшылыққа алынды, түркі зоонимдерінің этимологиясы жайындағы ғылыми пікірлер талдап көрсетілді. Зерттеудің мақсаты – түркі зоонимдерінің тілдік тұлғасын талдау болып табылады. Мақаланың жалпы мазмұнынан түркі зоонимдерінің зерттелу жайын қарастыру, түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктері бойынша арыстан және қабылан зоонимдеріне қатысты ғылыми тұжырымдарды талдау, өзіндік пайымдау жасау көрініс тапқан. Зерттеу нәтижесінде түркі тілдеріндегі зоонимдердің белгілі бір үлгіде жасалуы, яғни морфологиялық құрылымының ортақ модельге негізделуі жануарлар атауының қалыптасуында белгілі бір сөзжасам жүйесі болуы мүмкін деген болжам жасалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ