Журнал туралы

«Yassawi Journal of Health Sciences» ғылыми зерттеулер журналының жұмысы 2025 жылдан басталды. Журналдың негізін қалаушы және баспагері - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. 2025 жылдың 7 ақпанында «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркеліп, № KZ95VPY00111809 куәлігі берілген.

2025 жылдан бастап журнал Париждегі ISSN орталығында (Халықаралық стандартты сериялық нөмір) тіркелді: ISSN 3080-8707, e-ISSN 3080-8715.

Журналдың мерзімділігі: жылына 3 рет (әр 4 айда).

Журнал «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) Қазақстандық дәйексөз алу базасында индекстеледі.

Журнал мақалалары CrossRef ДБ тіркеледі, әр мақалаға  DOI – объектінің цифрлық сәйкестендіргіші беріледі, ол электрондық құжаттарға сілтеме жасауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Журналдың редакциялық алқасы қазақстандық және шетелдік ғалымдардан құралған.

Журналға ғылыми мақалалар Қазақстан, жақын және алыс шетелдердегі барлық ұйымдардан ағылшын тілінде  қабылданады. Мақала журнал сайтында толық мәтінде орналастырылады.

Журналдың мақсаты - Health Sciences (Денсаулық ғылымдары),  Medicine (Медицина) және Public Health (Қоғамдық денсаулық сақтау) салаларындағы ғылымның негізгі жетістіктерін сапалы көрсету үшін негізгі жағдайлар жасау болып табылады.

Журналдың міндеттері:

- авторларға өз жетістіктерінің нәтижелерін әлемдік ғылыми қауымдастық деңгейінде жариялау мүмкіндігін беру;

- Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми, білім беру және тәжірибелік ортада имиджін құру;

- зерттеулердің өзектілігін және басылымның тақырыптық бағытына сәйкестігін бақылау арқылы,  оның қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету;

- ғылым, білім және денсаулық сақтау тәжірибесі саласындағы проблемалық мәселелерді қамту.

Журналдың тақырыптық бағыты - журнал материалдары медициналық зерттеулер, медициналық білім және денсаулық сақтау саласындағы ғылымның негізгі жетістіктерін қамтитын заманауи медицина мен денсаулық сақтау мәселелерін көрсетеді.

Журналды шығару мерзімділігі

Журнал белгіленген мерзімде желілік (электрондық) және қағаз нұсқада жылына 3 рет (4 айда бір рет) шығарылады, атап айтқанда: бірінші нөмір ағымдағы жылдың 30 сәуірге дейін, екінші нөмір –– ағымдағы жылдың 30 тамызға дейін және үшінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 желтоқсанға дейін шығарылады.

«Yassawi Journal of Health Sciences» журналына мақала жариялау ақылы:

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің авторлары үшін (оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, магистранттар, докторанттар) - 10 000 теңге.
  • Басқа мекемелердің авторлары үшін - 15 000 теңге.
  • Шетелдік авторлар үшін (ҚР авторларысыз) - төлем алынбайды.

Төлемақы «Халық банк» АҚ арқылы жүзеге асады. Төлемақы туралы түбіртек журнал редакциясының электронды мекен-жайына жіберілуі тиіс.

ХҚТУ реквизиті:

“Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті” Мекемесі

БИН: 990440008043, КБЕ 16

АО "Народный Банк Казахстана "

БИК: HSBKKZKX

ИИК : KZ436010291000010707

Адрес: Б.Саттарханова №29В

КНП 859