Мақаланы рәсімдеу талаптары

Барлық мақалалар WORD форматында ұсынылуы керек, абзац - 1 см, мәтін бір интервалмен теріледі, жиектер параметрлері: жоғарғы - 2 см; төменгі - 2 см; оң - 2 см; сол жақ - 2 см. Қаріп өлшемі - 12, шрифт түрі - Times New Roman. Бетті нөмірлеу: міндетті емес.

Жалпы талаптар:

  1. Титулдық бет

УДК - әмбебап ондық классификация, ГРНТИ коды (https://grnti.ru/) - ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы, ORCID (http://orcid.org/, ағылшын тілінен - «Ашық зерттеуші және қатысушы идентификаторы») - ғылыми авторларды бірегей түрде анықтайтын патенттелмеген әріптік-цифрлық код.

Мақаланың атауы, автор ретінде белгіленген барлық қатысушылардың деректері (Т.А.Ә., жұмыс орны, бөлім атауы, лауазымы, ғылыми дәрежесі/атағы (бар болса)) көрсетілуі тиіс. Автордың редакциямен байланысуы үшін байланыс деректері, сондай-ақ пошталық мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы титулдық беттің төменгі бөлігінде берілуі керек.

  1. Аңдатпа

Аңдатпаның көлемі 150-300 сөз. Оригиналды мақалалардың аңдатпасы келесі бөлімдерден тұрады: кіріспе, мақсат, әдістер, нәтижелер, қорытындылар және түйінді сөздер. Шолу мақалаларының аңдатпасы таңдалған тақырыптың өзектілігі туралы ақпараттан тұратын бір абзац түрінде беріледі. Аңдатпада қысқартылған сөздерді қолдануға болмайды.

  1. Мақала мәтіні

Оригиналды мақаланың мәтіні келесі бөлімдерді қамтуы тиіс: кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижелер, талқылау, қорытындылар және әдебиеттер тізімі.

Кіріспе: зерттеудің мәні мен мақсаты нақты анықталуы қажет. Бұл бөлім зерттеуге алғышарттар жасауы керек. Зерттеудің нақты мақсаттары немесе гипотезасы негізделіп көрсетілуі тиіс.

Материалдар мен әдістер: зерттеу дизайны, жұмыс барысында пайдаланылған қатысушылар немесе материал түрі, жүргізілген іс-шаралардың сипаттамасы және статистикалық талдау түрі қамтылуы тиіс. Бұл бөлімде автор зерттеудің негізгі этикалық қағидаттарға сәйкестігін көрсетуі керек.

Нәтижелер: алынған мәліметтер мен статистикалық талдау нәтижелері баяндалады. Нәтижелер логикалық реттілікпен мәтін, кесте және суреттер түрінде ұсынылуы тиіс.

Талқылау: зерттеу нәтижелерін интерпретациялау. Бұл деректер әдебиетте сипатталған басқа зерттеулердің нәтижелерімен салыстырылуы керек.

Қорытынды: зерттеу мақсаттарымен байланысты болуы керек және бір абзац түрінде ұсынылады. Қорытындыларда дәлелденбеген немесе алынған мәліметтермен расталмаған тұжырымдар болмауы тиіс.

Шолу мақаласының мәтіні кіріспеден және бөлімдерге бөлінген негізгі бөлімнен, сондай-ақ қорытындыдан тұрады.

  1. Әдебиеттертізімі- соңғы 5 жыл

Пайдаланылған әдебиеттер мәтінде алғаш рет айтылу ретімен араб сандарымен нөмірленуі тиіс. Сілтеменің нөмірі сөйлемнің соңында, нүктеге дейін жақшада көрсетілуі керек. Сілтеме келесі ақпаратты қамтуы тиіс: авторлар, мақаланың атауы, журнал атауы, жылы, томы, бірінші және соңғы беттері. Кітапқа жасалған сілтеме жылы, бірінші және соңғы беттерімен қоса берілуі керек.

  1. Кестелер

Кестелерде атауы және мәтінде алғаш рет аталу ретіне сәйкес нөмірленуі тиіс. Кестеде қолданылған барлық қысқартулар алфавиттік тәртіпте түсіндірме ретінде берілуі керек.

  1. Суреттер

Суреттер де атауы болуы және нөмірленуі тиіс. Суреттер анық әрі кемінде 300 DPI сапада JPEG форматында ұсынылуы керек.

ОРИГИНАЛ МАҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

МАҚАЛА АТАУЫ

Авторлардың аты-жөні Лауазымы, жұмыс орны, қала, ел. E-mail; ORSID;

Автор-корреспондент: Аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, қала, ел Пошталық индекс: Мекенжай: Телефон: E-mail:

Article title

Abstract (Объем абстракта не менее 300 слов)

Keywords:

Название статьи

Аннотация

Ключевые слова:

Мақала атауы

Аңдатпа

Түйін сөздер:

  1. КіріспеЗерттеу мақсаты

Зерттеудің мәні мен мақсаты нақты анықталуы тиіс. Бұл бөлім зерттеуге алғышарттар жасауы керек. Зерттеудің нақты мақсаттары немесе гипотезасы негізделіп көрсетілуі қажет.

  1. Материалдар мен әдістер

Бұл бөлім зерттеу дизайнын, зерттеуге қатысушыларды немесе пайдаланылған материал түрін, жүргізілген барлық процедуралардың сипаттамасын және статистикалық талдау түрін қамтуы тиіс. Автор зерттеудің негізгі этикалық қағидаттарға сәйкестігін көрсетуі керек.

  1. Нәтижелер

Бұл бөлімде алынған мәліметтер мен статистикалық талдау нәтижелері баяндалуы тиіс. Нәтижелер логикалық реттілікпен мәтін, кесте және суреттер түрінде ұсынылуы керек.

  1. Талқылау

Бұл бөлім зерттеу нәтижелерін интерпретациялауды қамтиды. Нәтижелер әдебиетте сипатталған басқа зерттеулермен салыстырмалы түрде талқылануы қажет.

  1. Қорытынды

Қорытындылар зерттеу мақсаттарымен байланысты болуы керек және бір абзац түрінде ұсынылады. Қорытындыларда дәлелденбеген немесе алынған мәліметтермен расталмаған тұжырымдар болмауы тиіс.

Мүдделер қақтығысы

Әдебиеттер тізімі - соңғы 5 жыл

  1. Авторлар. Мақалаатауы. Журнал атауы. Шыққанжылы; том (шығарылым нөмірі): мақала басталған бет - аяқталған бет.

ШОЛУ МАҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Мақала атауы Авторлардың аты-жөні Лауазымы, жұмыс орны, қала, ел. E-mail; ORSID;

Автор-корреспондент: Аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, қала, ел Пошталық индекс: Мекенжай: Телефон: E-mail:

Article title

Abstract (Объем абстракта не менее 300 слов)

Keywords:

Название статьи

Аннотация

Ключевые слова:

Мақала атауы

Аңдатпа

Түйін сөздер:

  1. КіріспеЗерттеу мақсаты

Зерттеудің мәні мен мақсаты нақты анықталуы тиіс. Бұл бөлім зерттеуге алғышарттар жасауы керек. Зерттеудің нақты мақсаттары немесе гипотезасы негізделіп көрсетілуі қажет.

  1. Бөлім атауы

Шолу мақаласында бірнеше бөлім болуы мүмкін.

  1. Материалдар мен әдістер

Бұл бөлім зерттеу дизайнын, зерттеуге қатысушыларды немесе пайдаланылған материал түрін, жүргізілген барлық процедуралардың сипаттамасын және статистикалық талдау түрін қамтуы тиіс. Автор зерттеудің негізгі этикалық қағидаттарға сәйкестігін көрсетуі керек.

  1. Нәтижелер

Бұл бөлімде алынған мәліметтер мен статистикалық талдау нәтижелері баяндалуы тиіс. Нәтижелер логикалық реттілікпен мәтін, кесте және суреттер түрінде ұсынылуы керек.

  1. Талқылау

Бұл бөлім зерттеу нәтижелерін интерпретациялауды қамтиды. Нәтижелер әдебиетте сипатталған басқа зерттеулермен салыстырмалы түрде талқылануы қажет.

  1. Қорытынды

Қорытындылар зерттеу мақсаттарымен байланысты болуы керек және бір абзац түрінде ұсынылады. Қорытындыларда дәлелденбеген немесе алынған мәліметтермен расталмаған тұжырымдар болмауы тиіс.

Мүдделер қақтығысы

Әдебиеттер тізімі - соңғы 5 жыл

  1. Авторлар. Мақала атауы. Журнал атауы. Шыққан жылы; том (шығарылым нөмірі): мақала басталған бет - аяқталған бет.

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ СИПАТТАУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Мақала атауы Авторлардың аты-жөні Лауазымы, жұмыс орны, қала, ел. E-mail; ORCID;

Автор-корреспондент: Аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, қала, ел Пошталық индекс: Мекенжай: Телефон: E-mail:

Article title

Abstract (Объем абстракта не менее 300 слов)

Keywords:

Название статьи

Аннотация

Ключевые слова:

Мақала атауы

Аңдатпа

Түйін сөздер:

  1. КіріспеЗерттеу мақсаты

Зерттеудің мәні мен мақсаты нақты анықталуы тиіс. Бұл бөлім зерттеуге алғышарттар жасауы керек. Зерттеудің нақты мақсаттары немесе гипотезасы негізделіп көрсетілуі қажет.

  1. Клиникалық жағдайды сипаттау

Клиникалық жағдайдың сипаттамасы және иллюстрациялармен бірге берілуі тиіс.

  1. 3. Талқылау

Бұл бөлім зерттеу нәтижелерін интерпретациялауды қамтиды. Нәтижелер әдебиетте сипатталған басқа зерттеулермен салыстырмалы түрде талқылануы қажет.

  1. 4. Қорытынды