ҚАЛҚАНША БЕЗІ АУРУЛАРЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ

26 12

Авторлар

  • K. Байжанова Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University https://orcid.org/0009-0006-4365-8875
  • Д. Карим Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
  • Б. Акжол Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
  • O. Ташниязов Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
  • З. Джуматаева Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University

DOI:

https://doi.org/10.47526/3080-8715.6486

Аңдатпа

Жұмыстың мақсаты: қалқанша безі аурулары кезіндегі заманауи зерттеулердің негізгі әдіснамаларына, деректер жиынтықтарына және өнімділік көрсеткіштеріне шолу жасау.

Материалдар мен тәсілдер: 2021-2026 жылдар аралығында жиналған әдебиеттерден қалқанша безі ауруларының заманауи зерттеулерінің мүмкіншіліктерін қарастыру. Барлық қалқанша безі ауруларында гормоналды панель – қан сарысуындағы тиреоидтық гормондары мен тиреотроптық гормонның (ТТГ) деңгейлері анықталады. Тиреодиттерде  аутоиммунды маркерлер – тиреоидтық пероксидазаға, тиреоглобулинге және ТТГ рецепторларына қарсы антиденелер титрлері есептеледі. Қалқанша безінің медуллярлық обыры мен карциноидтық ісіктерінің маркері ретінде карциноэмбрионалды антиген табылады. Медуллярлық обырда кальцитонин деңгейі жоғарылайды. Тиреоглобулин деңгейінің жоғарылауы қалқанша безінің деструктивті үрдістеріңде, метастаздарында болады. Түйінді құрылымның гистологиясын көру үшін қалқанша безінің жіңішке инемен аспирациялық биопсиясы жасалады. Биопсия қорытындысы нақты нәтиже бермеген жағдайларда молекулалық-генетикалық тестілеуде BRAF, RAS, RET/PTC сияқты мутацияланған гендер ізделінеді. Қалқанша безі ісіктерінің түріне байланысты экспрессия деңгейі өзгеретін 19 микроРНҚ-дан тұратын нысаналы гендерді анықтау үшін in silico әдістері қолданылады. Безідің патологияларын ерте анықтау мен ажыратпалы диагностикасы үшін инвазивті емес, салыстырмалы түрде арзан және нақты уақыт режимінде жүргізілетін ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ) кеңінен қолданылады. Қалқанша безінің терең орналасқан түйіндері кезінде УДЗ бақылауымен жіңішке инемен пункциялық биопсия жасалады. Қатерлі ісіктер тығыз және қатты келетіндіктен, биопсия жасамай-ақ түйіннің сипатын 95-96% дәлдікпен анықтауға УДЗ эластографиясы (эластометрия) қолданылады. Бездің және оның ішіндегі түйіндердің қанмен қамтамасыз етілуін (васкуляризациясын) бағалауға допплерография көмек береді. Сцинтиграфия - қалқанша безін радиоизотопты қолдана отырып сканирлеу жасалып, түйінді түзілімдердің қызметтік белсендігін анықтайды. Соңғы жылдары клиникалық жұмыстардың сапасы жақсарту мен диагностикаға кететін уақытты едәуір қысқарту мақсатында ультрадыбыстық кескіндер негізінде қалқанша безі ауруларын анықтау және жіктеу үшін компьютерлік диагностика жүйелер мен жоғары дәлді нейрондық желілер қолданылады.

Қорытынды: қалқанша безі ауруларын зерттеуде дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда молекулалық-генетикалық тесттер, заманауи ультрадыбыстық зерттеулер, компьютерлік диагностика жүйелер мен жоғары дәлді нейрондық желілер жоғары дәлдік, сезімталдық және ерекшелік көрсеткіштерін қамтамасыз етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-08-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи