БАЛАЛАРДА ПНЕВМОНИЯҒА КҮДІК КЕЗІНДЕ КЕУДЕ ҚУЫСЫ АҒЗАЛАРЫНЫҢ РЕНТГЕНОГРАФИЯСЫН АЛҒАШҚЫ ТӘУЛІКТЕ ЖҮРГІЗУДІҢ ОРЫНСЫЗДЫҒЫНА КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

17 8

Авторлар

  • Н. Шапамбаев Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University https://orcid.org/0000-0002-1986-5333
  • T. Мураталиева Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
  • Д. Нурбекова Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
  • Б. Сейтханова South Kazakhstan Medical academy (Shymkent, Kazakhstan)
  • Ж. Багдаулет Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
  • Г. Какар Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
  • A. Жарылхан Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University https://orcid.org/0009-0003-6507-3374
  • Н. Серик Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University

DOI:

https://doi.org/10.47526/3080-8715.6414

Аңдатпа

Балалардағы пневмония қазіргі педиатрияның өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді, бұл аурудың жоғары таралуымен және уақтылы диагностикаланбаған жағдайда асқынулардың даму қаупімен байланысты. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы диагнозды растаудың кеңінен қолданылатын әдісі болып табылады, алайда аурудың ерте кезеңдерінде оны қолдану төмен диагностикалық ақпараттылықпен сипатталып, негізсіз жоғары сәулелік жүктемеге әкелуі мүмкін.

Классикалық түсінік бойынша үлестік пневмония дамуының төрт сатысы ажыратылады: қан толу (прилив), қызыл және сұр бауырлану (опеченение) және жазылу сатысы. Ерте кезеңдерде (қан толу сатысы) өкпе тініндегі морфологиялық өзгерістер минималды болады, бұл рентгенологиялық бейнелеу мүмкіндігін шектейді.

Зерттеудің мақсаты балаларда пневмонияға күдік кезінде кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясын алғашқы тәулікте жүргізудің диагностикалық мақсаттылығын бағалау және зерттеуді кешіктіріп орындаудың сәулелік жүктемені азайту тұрғысынан артықшылықтарын негіздеу болды.

Зерттеу Шымкент қалалық №3 емханасында жүргізілді. Клиникалық түрде расталған пневмониясы бар 1–3 жас аралығындағы 5 баланың рентгенологиялық деректері талданды. Рентгенография аурудың бірінші тәулігінде және үшінші тәулігінде қайталап орындалды. Сонымен қатар 10 жалпы практика дәрігеріне анкеталық сауалнама жүргізіліп, клиникалық тактикасы мен сәулелік жүктеме туралы хабардарлық деңгейі бағаланды.

Аурудың бірінші тәулігінде барлық пациенттерде рентгенологиялық өзгерістер анықталмады, клиникалық белгілер болғанына қарамастан. Үшінші тәулікте барлық балаларда  өкпе тініндегі қабыну үдерісіне тән рентгенологиялық өзгерістер анықталды. Қайталама зерттеу жалпы сәулелік жүктеменің екі есеге артуына әкелді. Сауалнама нәтижелері бойынша дәрігерлердің 70%-ы рентгенографияны аурудың алғашқы тәулігінде тағайындайды, ал тек 40%-ы ғана ерте кезеңдерде зерттеудің төмен ақпараттылығын біледі.

Осылайша, балаларда пневмонияға күдік кезінде кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясын алғашқы тәулікте жүргізу морфологиялық өзгерістердің жеткіліксіз айқын болуына байланысты төмен диагностикалық құндылыққа ие. Зерттеуді кешіктіріп орындау оның ақпараттылығын арттырып, сәулелік жүктемені диагностикалық сапаны төмендетпей азайтуға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-08-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи