ASSESSMENT OF THE IMPACT OF SOCIO-DEMOGRAPHIC FACTORS ON QUALITY OF LIFE IN PATIENTS WITH COEXISTING ARTERIAL HYPERTENSION AND ABDOMINAL OBESITY

0 3

Авторлар

  • Н.А Құдайберген Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Г.О Нускабаева Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Д.Н. Айдарбекова Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Саруаров Е.Ғ. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Arterial hypertension, abdominal obesity, HRQoL, socio-demographic factors, lifestyle, SF-36.

Аңдатпа

Артериялық гипертензия мен абдоминальды семіздікті емдеудің кешенді тәсілі дәрілік терапияны да, психоәлеуметтік қолдауды да қамтуы керек. Пациенттерге аурудың ауырлығы және дәрігердің барлық ұсыныстарын орындау қажеттілігі туралы хабардар болуға бағытталған білім беру бағдарламалары маңызды рөл атқарады. Өмір сүру сапасын жақсарту және науқастардың емделуге ұмтылысын арттыру кешенді және жекелендірілген шараларды қажет етеді.
Мақсаты: Қосарлас артериялық гипертензия және абдоминальды семіздігі бар науқастарда әлеуметтік-демографиялық және мінез-құлықтық факторлардың өмірге қатысты сапасына (HRQoL) әсерін бағалау.
Материал және әдістері: Зерттеу 101 науқасты қамтыды (орта жас 54,5 ± 1,02; 19 ер, 82 әйел), олар Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Клиникалық-диагностикалық орталығында тіркелген. Қатысу критерийлері: 18 жастан асқан ересек адамдар, дәрігер тағайындаған артериялық гипертензия (≥140/90 мм сын. бағ.) және абдоминальды семіздік (ерлерде бел айналымы ≥102 см, әйелдерде ≥88 см). Науқастардың антропометриялық көрсеткіштері, қан қысымы өлшенді және өмір сапасы SF-36 сауалнамасы арқылы бағаланды. Мәліметтер сипаттамалы статистика, Манн–Уитни U және Краскел–Уоллис тесттері арқылы SPSS 29.0 бағдарламасында өңделді.
Нәтижелері: Әйелдерде ерлерге қарағанда Рөлдік физикалық қызмет (RP) және Эмоционалдық рөлдік шектеулер (RE) салаларында төменгі көрсеткіштер анықталды. Үйленген қатысушыларда Жалпы денсаулық (GH), Өміршеңдік, сергектік (VT), Әлеуметтік функционалдылық (SF) және Психикалық саулық (MH) салаларында төмен бағалар тіркелді. Білім деңгейі мен қызмет түрі бойынша статистикалық мәнділік байқалмады. Темекі шегу мен төмен физикалық белсенділік кейбір өмір сапасы салаларының төмендеуіне ықпал етті.
Қорытынды: Әлеуметтік-демографиялық және мінез-құлықтық факторлар қосарлас артериялық гипертензия мен абдоминальды семіздігі бар науқастарда өмір сапасына елеулі әсер етеді. Әйелдер мен үйленген қатысушылар бірнеше физикалық және психикалық салаларда төменгі көрсеткіштерге ие болды, бұл өмір салты мен психоәлеуметтік факторларды ескеретін мақсатты араласулардың маңыздылығын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи