RADIOGRAPHY OF THE HIP JOINTS IN INFANTS: RADIATION EXPOSURE, IMPACT ON THE REPRODUCTIVE SYSTEM, AND PROTECTIVE MEASURES
18 16
Кілт сөздер:
жамбас буынының дисплазиясы, балалар рентгенографиясы, радиациялық қорғаныс, дозиметриялық бағалау, қорғаныс фартукы, репродуктивтік ағзалар.Аңдатпа
Жамбас буынының дисплазиясы (ЖБД) жаңа туған нәрестелердің 2–4 %-ында кездеседі және асқынулардың алдын алу үшін ерте диагностикалауды талап етеді. Рентгенография нәрестелердегі жамбас буындарын бейнелеудің негізгі әдісі болып табылады. Тіпті төмен дозалы иондаушы сәулеленудің өзі репродуктивтік ағзаларға ықтимал әсеріне байланысты алаңдаушылық туындатады. Зерттеудің мақсаты – бір жасқа дейінгі балаларда жамбас буындарының рентгенологиялық зерттеулерінің репродуктивтік ағзаларға ықтимал әсерін бағалау және Қазақстан Республикасының Шымкент қаласындағы қалалық емханаларда қорғаныс фартукын қолдану тәжірибесін талдау.
Деректерді жинау және талдау Akgun PACS Viewer бағдарламасы арқылы жүргізілді, бұл рентгенологиялық кескіндерді жүйелі түрде бағалауға және радиациялық қорғаныс талаптарының сақталуын анықтауға мүмкіндік берді. Дозиметриялық бағалау жүйеде тіркелген экспозиция параметрлері негізінде жүргізіліп, гонадалардың жұтылған дозасын есептеуге бағытталды. Статистикалық өңдеу қорғаныс фартукын қолдану жиілігін анықтауға және репродуктивтік ағзалардың сәулелену қаупін бағалауға мүмкіндік берді.
Зерттеуде 5 ірі қалалық клиникадан 87 нәрестенің 223 рентгендік суреті талданды. Нәтижелер көрсеткендей, балалардың шамамен 70% алғашқы жылы 3 рентгендік зерттеуден өтті, ал қорғаныс фартуктары тек 60% жағдайда қолданылды. Дозиметриялық талдау қорғаныссыз жағдайда аталық және аналық бездердің ұсынылған нормадан жоғары доза алатынын, ал қорғасын фартуктері мен қорғаныс пластиналарын дұрыс пайдалану жұтылған дозаны шамамен он есеге төмендететінін анықтады.
Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № КР ДСМ-275/2020 «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығына сәйкес жамбас буынын рентгенографиялау кезінде балаларға қорғаныс фартукын міндетті түрде қолдануды нормативтік түрде бекітудің қажеттілігімен айқындалады.
Қорытындылар радиациялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерінде жамбас буындарының рентгенографиясы кезінде қорғаныс фартуктері мен қорғаныс пластиналарын қолдануды міндетті талап ретінде бекітудің орынды екенін көрсетеді.