DIAGNOSTIC VALUE OF TRICHOSCOPY IN THE DIFFERENTIAL DIAGNOSIS OF VARIOUS FORMS OF ALOPECIA
17 24
Кілт сөздер:
трихоскопия, алопеция, дифференциалды диагностика, дерматоскопия, шаштың түсуі, рубцылы алопеция, андрогенетикалық алопеция.Аңдатпа
Әртүрлі этиологиялы алопециялар дерматологиялық тәжірибеде елеулі диагностикалық қиындық тудырады. Трихоскопия – шаш пен бас терісін бейнелейтін инвазивті емес дерматоскопиялық әдіс, ол көзге көрінбейтін морфологиялық және тамырлық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық құралға айналды.
Мақсат. Алопеция түрлерін ажыратуда трихоскопияның диагностикалық мүмкіндіктерін бағалау және оның дәлдігі мен клиникалық маңыздылығы туралы қазіргі деректерді жүйелеу.
Материалдар мен әдістер. 2019-2025 жылдар аралығындағы 28 ғылыми жарияланымға аналитикалық шолу жүргізілді. Оларға трихоскопиялық белгілердің диагностикалық маңыздылығын, сезімталдық пен ерекшелік деңгейін және трихоскопияның ауру барысын бақылаудағы рөлін талдаған түпнұсқа зерттеулер, жүйелі шолулар мен метаанализдер кірді.
Нәтижелер. Андрогенетикалық алопеция кезінде ең ақпаратты белгілер – шаш өзегінің диаметрінің өзгергіштігі мен перифолликулярлық ореол; ошақты алопецияда – сары және қара нүктелер, «леп белгісі» тәрізді және сынған шаштар; ал рубцылы түрлерде – фолликулярлы тесіктердің жоғалуы, перифолликулярлы эритема және атрофиялық ақ ошақтар анықталды. Трихоскопияның орташа диагностикалық дәлдігі гистологиялық тексеріспен салыстырғанда 90-95% құрады. Заманауи зерттеулерде цифрлық трихоскопия мен жасанды интеллект технологиялары трихоскопиялық бейнелерді автоматты тану мен сандық бағалаудың жаңа мүмкіндіктерін ашатыны көрсетілген.
Қорытынды. Трихоскопия алопецияның кез келген түрін анықтауда алғашқы диагностикалық әдіс ретінде қарастырылуы тиіс.Бұл әдіс ауру түрлерін ерте және дәл ажыратуға, қабыну белсенділігін бағалауға және емнің тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Терминологияны стандарттау және цифрлық платформаларды дамыту трихоскопияны клиникалық тәжірибеге кеңінен енгізуге жол ашады.