ESTIMATING THE PREDICTIVE VALUE OF THE CARDIOVASCULAR DISEASE RISK MODEL “SCORE” AMONG THE KAZAKH PEOPLE

7 10

Авторлар

  • Е Саруаров Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University

Кілт сөздер:

SCORE, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары, қауіптілік шкаласы, диагностикалық құндылығы, қазақ популяциясы.

Аңдатпа

Қазақстан жүрек-қан тамыр ауруларының (ЖҚА) даму қаупі жоғары ел болып табылады, және оның негізгі себептерінің бірі – ЖҚА қаупінің ерте анықталмауы. Осыған байланысты біздің зерттеуіміздің мақсаты – әлемде кеңінен қолданылатын ЖҚА қаупін анықтау үшін қолданылатын «SCORE» қауіптілік шкаласының диагностикалық құндылығына баға беру.

2012-2014 және 2019-2020 жылдар аралығында когорттық зерттеуге 660 респондент қатысты. SCORE диагностикалық мәні мен дәлдігі ROC/AUC талдауы және Пирсон корреляция сынағы арқылы бағаланды. Осы зерттеушілерден 10 жылдық динамикаға негізделген ЖҚА қаупін және басқа қауіп факторларының өзгеруін анықтауға арналған шкалалардың негізгі көрсеткіштері талданды. SCORE қауіптілік шкаласының AUC көрсеткіші жоғарылады. Атап айтқанда, SCORE моделінің AUC мәні 2012 жылы 0,88-ден 2020 жылы 0,92-ге дейін көтерілді. Пирсон корреляция коэффициенті көрсеткішінің p-мәні≤0,05-ке тең, және берілген үлгі үшін 0,996 диапазонында болды. Тәуекел тобының үлесі 2012 жылғы 2,5%-дан 2020 жылы 4,4%-ға дейін өсті. SCORE қауіптілік шкаласының болжамдық мәндері зерттеліп, олардың дәлдігі айқындалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи