MONITORING THE DYNAMICS OF BREAST CANCER HETEROGENEITY THROUGH IMMUNOHISTOCHEMICAL PROFILING: CASE STUDIES FROM CLINICAL PRACTICE
28 17
Кілт сөздер:
сүт безі қатерлі ісігі, иммуногистохимия, субтип өзгерісі, HER2-low, дербестендірілген терапия.Аңдатпа
Сүт безі қатерлі ісігі - биологиялық тұрғыдан гетерогенді және терапияға әртүрлі жауап беретін ісіктердің бірі. Зерттеудің мақсаты - клиникалық тәжірибеде иммуногистохимиялық профиль динамикасын бақылаудың маңыздылығын көрсету. Біздің орталықта ем алған төрт пациенттің ИГХ профиліне ретроспективті талдау жүргізілді. Емдеу барысында ісік субтипінің өзгеруі анықталды: үштік теріс подтиптен HER2-low немесе люминальды түрге ауысу, сондай-ақ гормонға тәуелділіктен тәуелсіз түрге трансформация жағдайлары байқалды. Мұндай өзгерістер емдік тактиканы түбегейлі қайта қарауды талап етті (гормонотерапияны тоқтату, CDK4/6 тежегіштерін қосу, HER2/neu-ге бағытталған терапияны қолдану).
Зерттеу нәтижелері ИГХ-профильді динамикалық бақылаудың қолжетімді әрі тиімді әдіс екенін және Қазақстан Республикасында дербестендірілген терапияны жетілдіруге болатынын көрсетті.