OSIMERTINIB-BASED COMBINATION THERAPY FOR EGFR-MUTANT NSCLC WITH BRAIN METASTASES: A CLINICAL CASE IN THE CONTEXT OF THE FLAURA2 STUDY

74 37

Авторлар

  • А Абдрашов Amina Medical Center
  • Д Мүсірәлі Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
  • Е Елтай Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
  • Г Нускабаева Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University

Кілт сөздер:

EGFR-мутантты ҰЖЕӨО, осимертиниб, FLAURA2, ми метастаздары, мақсатты терапия, пеметрексед, карбоплатин, бевацизумаб, жекелендірілген онкология, клиникалық жағдай.

Аңдатпа

Мақалада миға метастаздары бар EGFR-мутантты ұсақ жасушалы емес өкпе обырын (ҰЖЕӨО) емдеу бойынша клиникалық жағдай ұсынылған. Осимертинибке негізделген біріктірілген терапия қолданылды. Афатинибпен емделгеннен кейін аурудың үдеуі байқалған соң, үшінші буын тирозинкиназа тежегішімен (осимертиниб) мақсатты терапия басталды, кейіннен - FLAURA2 зерттеуінің хаттамасына сәйкес біріктірілген ем

жүргізілді. Бұл емге осимертиниб, химиотерапия (карбоплатин + пеметрексед) және бевацизумаб кірді. Нәтижесінде ми метастаздарының айқын регрессі мен үдерістің тұрақтануы байқалды. FLAURA2 деректерін нақты клиникалық тәжірибеде қолданудың практикалық аспектілері, сондай-ақ шектеулі бюджет жағдайында да онкологияда жекелендірілген тәсілді енгізу мүмкіндіктері талқыланады. Терапиялық шешім қабылдауда молекулалық диагностиканың және дәрігерлердің клиникалық хабардарлығының маңыздылығы атап өтіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи