RECONSTRUCTION OF THE AREOLARICAL AREA IN THE SURGICAL TREATMENT OF BREAST CANCER (reconstruction of the nipple using the areola's own tissues)
14 15
Кілт сөздер:
онкология, сүт безі обыры, реконструкция, ареола, емізік түзу.Аңдатпа
Кең ауқымды лимфодиссекциясымен жасалатын радикальды операциялар, отадан кейінгі кезеңде науқас өмірінің сапасын күрт нашарлатып, психоэмоциональды дезадаптацияға алып келетіндігі мәлім. Сондыдықтан да заманауи хирургияда реконструктивті, пластикалық оталар жасау үлкен қажеттілікке ие.
Обыр бойынша емізігімен бірге резекцияланған сүт безіне бір моменттік маммопластика отасын жасау арқылы, қалдық ареоладан емізік түзу. Бір мезете радикальды ота мен косметикалық және психологиялық тұрғыда жақсы нәтижеге қол жеткізу. Сүт безі обырында мастэктомиямен қатар бір кезеңдік емізікті қалпына келтіру бойынша маммопластика жасалған жағдай туралы мысал келтіреміз. 64 ж науқас «Сүт безі обыры, түйінді түрі Sт Iа T1N0M0. Люминальды А типі» 02.10.2024ж.. №2736 МДТ –та қаралып, оталық ем ұсынылды. Ареоланы тері асты шелі арқылы бүре тігіп емізік формасына келтіріп, теріге тігу косметикалық, психологиялық тұрғыда тиімді және жараның тез жазылуына септігін тигізеді. Көлемі біршама кішірейгенімен, сүт безі формасы сақталған. Осы тәсілмен Шымкент қ. Онкологиялық орталықта 6 ота жасалынды. Сүт безі обырының бір кезеңдік емізікті қалпына келтіру отасы қазіргі таңда косметикалық тұрғыда ыңғайлы, тиімді бірегей
тәсіл. Жараның тез жазылуы мен отадан кейінгі психоэмоциональды тұрғыда тиімділігі аталған отаның санын арттыруға мүмкіндіктер береді.