Қоғамдық денсаулық сақтау мәселесі ретінде бастауыш сынып оқушылары арасында асқазан-ішек паразиттерінің таралуы: ауылдық және қалалық аймақтар арасындағы салыстырмалы зерттеу

0 2

Авторлар

Аңдатпа

Бұл ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты – Түркістан облысының ауылдық және қалалық елді мекендеріндегі бастауыш сынып оқушылары арасында асқорыту жүйесі паразиттерінің этиологиялық құрылымының әртүрлілігін зерттеу, олардың кездесу жиілігі мен таралуын анықтап, салыстыру болып табылады.          Асқорыту жүйесінің паразитарлық инфекциялары әлем бойынша, әсіресе дамушы елдердің ауылдық аймақтарында, қоғамдық денсаулық сақтау үшін елеулі мәселе болып табылады. Деректерге сәйкес, әлемде шамамен 3,5 миллиард адам паразитарлық инфекциялармен жұқтырылған, олардың ішінде шамамен 450 миллионы (яғни 30%-ға жуығы) балалар болып табылады және олар асқорыту жүйесінің паразиттерімен зақымданған. Бастауыш сынып оқушылары иммундық жүйесінің толық жетілмеуі, гигиеналық талаптарды сақтамауы және заттарды ауыз арқылы қабылдау әдеттеріне байланысты қауіп тобындағы балалар қатарына жатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, әлемде 870 миллион бала ішек құрттарымен эндемиялық аймақтарда өмір сүреді және жыл сайын 15 миллионнан астам жас баланың өліміне себеп болады, олардың көпшілігі Азия және Африка құрлықтарындағы дамушы елдерде тіркеледі.

            Зерттеудің ғылыми жаңалығы – алғаш рет Түркістан облысының ауылдық және қалалық мектептеріндегі бастауыш сынып оқушылары арасында кездесетін асқорыту жүйесінің паразиттерінің этиологиялық құрылымы анықталып, олардың таралу жиілігі мен кездесу жиілігі зерттелетін болады. Сонымен қатар, ауылдық және қалалық елді мекендердің әртүрлі әлеуметтік-экономикалық деңгейлерінің асқорыту жүйесі паразиттерінің таралу жиілігіне әсері талданады. Бұл зерттеу нәтижелері арқылы Қазақстан Республикасы атынан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына өз үлесін қосу мүмкіндігі қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде елімізде, дамушы елдердің қатарына жататын мемлекет ретінде, балалар арасында асқорыту паразиттерінің бар-жоғы анықталып, әлеуметтік-экономикалық жағдайлары әртүрлі дамыған және даму деңгейі төмен елдермен салыстырмалы талдау жасалады.

Автор өмірбаяны

Azamat Shoibek, Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медицина факультетінің 5-6 курс және магистратура, докторантура координаторы (декан орынбасары), Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасының магистр-оқытушысы.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-05-08

Журналдың саны

Бөлім

Статьи