НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ТҮРКОЛОГИЯҒА ЖАСАҒАН ҚЫЗМЕТІ

0 0

Yazarlar

  • Ербол Джандарбаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Anahtar Kelimeler:

Нәзір Төреқұлов, латын әліпбиі, түркі халықтары, баспа ісі, ұлттық тіл, тіл реформасы, ұлттық сана.

Özet

Бұл мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Нәзір Төреқұловтың саяси, мәдени және лингвистикалық қызметі қарастырылады. Оның Түркістан Республикасындағы мемлекеттік және партиялық қызметінен бастап, Мәскеуде Орталық Атқару Комитетінде атқарған жұмыстары, ұлттық тіл саясатын дамытудағы рөлі мен латын әліпбиін енгізу жұмыстары жан-жақты талданды. Мақаланы жазу барысында Нәзір Төреқұловтың «Темірқазық», «Еңбекші қазақ», «Ақ жол» басылымдарда жарияланған мақалалары, «Жат сөздері туралы» еңбегі, сонымен қатар Ресей Ғылым академиясы мұрағатындағы материалдар және съездер мен пленумдарда жасаған баяндамалары пайдаланылды.

Нәзір Төреқұлов Мәскеудегі баспа жұмыстарын ұйымдастырушылық қызметі, «Шығыс тілдерінде әдебиеттер баспасы», өзі құрған «Темірқазық» журналы сынды баспалар арқылы түркі халықтарының мәдениеті мен руханиятын дамытуға зор үлес қосқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Нәзір Төреқұлов ұлттық тілдің сақталуы мен дамуына, халықтың сауатын ашу, білімі мен мәдени жаңғырту және лингвистикалық көзқарасын, жазу мәселелерін ғылыми негізде қарастырып, қазақ қоғамындағы рухани бостандықты үгіттеген ойлары талданды. Мақалада оның мәдени және саяси атқарған қызметіне, ұлттың өркениеттік дамуына ықпалы, латын әліпбиін көшу мәселесіндегі рөліне, түркі халықтарының тілі мен мәдениетінің тұтастығын сақтау мәселелеріне баға берілді. Нәзір Төреқұлов саяси қайраткер ғана емес, жазушы-публицист, мәдениет жаңартушы, ұлттық идеяның теоретигі және тіл реформаторы ретінде көрсетілді. Оның шығармашылығы мен еңбектері түркі халықтарының мәдени тұтастығы сақтау, ұлттық дербестікпен, білім мен ғылымды нығайту арқылы рухани жаңғырудың маңызды тарихи қадамы екендігі анықталды.

Yazar Biyografisi

Ербол Джандарбаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

PhD докторант, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Қазақстан, Түркістан қаласы. )

Yayınlanmış

2025-12-31