"СИЯСАТНАМЕ" – БИЛЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ: ТРАКТАТТЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

0 6

Yazarlar

  • Эльмира Зулпыхарова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Хулкар Турсункулова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Anahtar Kelimeler:

Сиясатнаме, Низам әл-Мүлік, Малик-шах, саяси-этикалық кодекс, әділет, кеңес, билік, тәрбиелік қызмет, идеология, тарихи мысалдар

Özet

Бұл мақалада XI ғасырдың көрнекті уәзірі Низам әл-Мүліктің «Сиясатнаме» атты саяси-философиялық еңбегіне жан-жақты талдау жасалады. Шығарманың құрылымы, жанры және негізгі идеялары қарастырылып, оның билеушілерге арналған саяси-этикалық кодекс ретіндегі қызметі айқындалады. Әділет, кеңес, жауапкершілік және дін мен мемлекеттің бірлігі сияқты қағидалар тарихи мысалдар арқылы түсіндіріледі. Еңбекте билеушілердің халықпен тікелей байланысының маңызы, шағымдарды жүйелі түрде қарау, әділетсіз шенеуніктерді жазалау және маңызды шешімдер қабылдар алдында ғалымдар мен данышпандармен кеңесу қажеттілігі ерекше атап өтіледі. Сонымен қатар жауапты қызметтерге қабілетті адамдарды тағайындау мәселесі де баса көрсетілген. «Сиясатнама» тарихи контекстен тыс қазіргі басқару ісіне қатысты білімдік және идеологиялық дереккөз ретінде қарастырылып, оның көшбасшылыққа, этикаға және жастардың рухани дамуына ықпалы айқындалады. Мақалада Қазақстандағы басқару мен этика мәселелерімен байланысы талданып,  бірнеше мысалдар келтіріледі, еңбектің қазіргі саяси мәдениет үшін де маңызын сақтап отырғаны көрсетіледі. Бұл зерттеу «Сиясатнаманың» тарихи мұра ғана емес, сонымен бірге заманауи саяси ойға бағыт беретін құнды еңбек екенін дәлелдейді, әрі оның тәрбиелік, мәдени және ғылыми мәні ерекше.

Yazar Biyografileri

Эльмира Зулпыхарова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

(Түркістан қ., Қазақстан )

Хулкар Турсункулова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің

3 курс бакалавр студенті (Түркістан қ., Қазақстан)

Yayınlanmış

2025-12-31