Мақалаға қойылатын талаптар

Материалды журналда жариялау Open Journal Systems (https://journals.ayu.edu.kz) онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Мақалаларға қойылатын талаптар:

  • Журналға бұрын жарияланбаған мақалалар қабылданады. Мақала электронды форматта (doc, docx) журналдың http://journals.ayu.edu.kz сайты (Open Journal Systems) арқылы жүктелуі тиіс.
  • Ғылыми мақаланың оңтайлы көлемі (тақырып, авторлар туралы мәлімет және әдебиеттер тізімін қоспағанда) 3000 сөзден кем емес және 4000 сөзден аспауы керек.
  • Абзац – 1 см, мәтін бір интервалмен теріледі, жолақ параметрлері: жоғары – 2 см; төмен – 2 см; оң – 2 см; сол – 2 см. Қаріп өлшемі – 12, қаріп түрі – Times New Roman. Бет нөмірлеу талап етілмейді.
  • Сурет, кесте, график, диаграмма және т.б. мәтін ішінде нөмірленіп, атауымен беріледі (мысалы, 1-сурет – сурет атауы). Суреттер, кестелер, графиктер мен диаграммалар саны мақаланың жалпы көлемінің 20%-ынан (кей жағдайларда 30%-ынан) аспауы тиіс. Кестелер нөмірленіп, атауы көрсетілуі және мәтінде міндетті түрде аталып өтілуі қажет.

Бірінші бет:

  • ӘОЖ (УДК) – әмбебап ондық жіктеу, ҒТАХР коды (https://grnti.ru/) – мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат рубрикаторы, ORCID (http://orcid.org/, ағылш. – «Open Researcher and Contributor ID») – ғылыми авторларды бірегей сәйкестендіретін әріптік-сандық код көрсетіледі.
  • Мақала автор(лар)ының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны (мекенжайы), қала, ел, электронды пошта мәліметтері қазақ, орыс және ағылшын немесе түрік тілдерінде (егер мақала түрік тілінде болса) аффилиациясымен бірге беріледі. Авторлар туралы мәліметтер кіші әріптермен және курсивпен жазылады.
  • Авторлар туралы толық мәліметтер (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, электронды пошта) жеке файлмен жолданады.
  • Мақала атауы ғылыми жұмыстың мазмұнын ашуы тиіс. Атауы нақты, мазмұнды әрі түсінікті болуы қажет. Оқырман назарын аудару үшін сенсациялық сипаттағы тақырыптардан аулақ болған жөн. Мақала атауы қазақ, орыс, ағылшын немесе түрік тілдерінде (егер мақала түрік тілінде болса) бас әріптермен және қалың қаріппен жазылады.
  • Барлық мақалалар «Антиплагиат» бағдарламасы арқылы тексеріледі және түпнұсқалық көрсеткіші 75%-дан жоғары болған жағдайда ғана жариялауға жіберіледі.
  • Аннотация көлемі 150–300 сөз аралығында және үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын немесе түрік тілінде (егер мақала түрік тілінде болса) беріледі. Аннотация – мақаланың мақсаты мен мазмұнын, негізгі нысанын және ерекшеліктерін қысқаша сипаттау.
  • Түйінді сөздер/сөз тіркестері – мәтін мазмұнын ғылыми сала және зерттеу әдістері тұрғысынан сипаттайтын сөздер жиынтығы. Түйінді сөздер саны – 7–10. Әр сөз тіркесі 3 сөзден аспауы тиіс және үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын немесе түрік (егер мақала түрік тілінде болса) беріледі. Түйінді сөздер мақаланың негізгі мазмұнын ашып, мәтінде қолданылған терминдерге және пәндік саланы айқындайтын маңызды ұғымдарға негізделуі керек.

Мақала мәтіні:

  • Негізгі мәтін мақсаты, міндеттері, қарастырылып отырған мәселенің тарихы, зерттеу әдістері, нәтижелерді талқылау және қорытынды бөлімдерін қамтуы тиіс.
  • Кіріспеде автор зерттеу тақырыбын, міндеттерін және өзектілігін таныстырады. Бұл бөлімде авторлардың гипотезасы мен оны тексеру тәсілдері айқындалады.
  • Зерттеу әдістері және материалдар бөлімінде ғылыми жұмыста қолданылған әдістер мен тәсілдер сипатталады.
  • Талдау және нәтижелер – ғылыми мақаланың негізгі бөлігі. Мұнда зерттеу барысында алынған нәтижелер теориялық талдау арқылы дәлелденіп, тұжырымдалады. Нәтижелер мәтін түрінде, сондай-ақ кесте, диаграмма және статистикалық көрсеткіштер арқылы берілуі мүмкін.
  • Қорытынды бөлімде автор зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, ғылыми жұмысқа қатысты өзіндік пікірін білдіреді.
  • Қаржыландыру туралы ақпарат – болған жағдайда, мақала соңында курсивпен жарияланатын тілде көрсетіледі. Бұл бөлімде қаржыландыру көздері (гранттар, бірлескен жобалар және т.б.) жазылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Әдебиеттер түпнұсқа тілінде және латын қарпімен транслитерация түрінде (References) беріледі (https://www.translit.ru).
  • Мақалада кемінде 10 дереккөз пайдаланылуы тиіс.
  • Журнал дәйекті (реттік) сілтеме жүйесін қолданады: мәтін ішінде дереккөздер шаршы жақшада көрсетілген реттік нөмірмен беріледі және ол әдебиеттер тізіміндегі нөмірге сәйкес болуы керек.
  • Әдебиеттер тізімі ГОСТ 7.1–2003 стандартына сәйкес рәсімделеді (автордың тегі, аты-жөні, еңбектің атауы, басылым орны, баспа, жылы, томы, нөмірі, жалпы бет саны және т.б.).
  • Мақала барлық этикалық нормаларға сай болуы тиіс. Мүмкіндігінше «Ясауи университетінің хабаршысы» және «Тюркология» журналдарында жарияланған мақалаларға сілтеме жасау ұсынылады.
  • Журналға Қазақстан Республикасымен бірге жақын және алыс шетелдік авторлардан мақалалар қабылданады. Журналдың электронды поштасы: khabarshi.iktu@ayu.edu.kz
  • Ғылыми мақалалар университет пен басқа жоғары оқу орындарының ғалымдары тарапынан жүргізілетін қосарлы «соқыр» рецензиялау нәтижесі және редакциялық кеңес шешімі негізінде жариялауға жіберіледі.
  • Қолжазбалар редакцияланады және авторларға қайтарылмайды. Редакция мақала мазмұны үшін жауапкершілік алмайды.

Мақала көлемі

  • Аннотацияны, әдебиеттер тізімін және ескертпелерді қоса алғанда, мақаланың жалпы көлемі 3000–4000 сөз болуы тиіс.