ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ: ӘКІМШІЛІК ҚҰЖАТТАР МЕН «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ (1899–1920 ЖЖ.)
0 0
DOI:
https://doi.org/10.47526/3007-6366.6553Кілт сөздер:
Ясауи кесенесі; Түркістан; тарихи мұра; әкімшілік құжаттар; «Қазақ» газеті; Міржақып Дулатұлы; ескерткіштерді қорғау; деректанулық талдау.Аңдатпа
Мақалада Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихи құндылығының танылуы және оны қорғау жауапкершілігінің қойылуы 1899–1920 жылдарға қатысты әкімшілік құжаттар мен «Қазақ» газетінде жарияланған материал негізінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – діни ортаны әкімшілік есепке алу, тарихи нысанды тіркеу, қоғамдық сын және мекемелік жауапкершілікті белгілеу тәсілдерінің арақатынасын анықтау. Зерттеудің негізгі деректерін Түркістан учаскелік приставының 1899 жылғы рапорты, Сырдария облысының 1908 жылғы көне және тарихи ескерткіштер туралы мәліметі, Міржақып Дулатұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Хазірет Сұлтан» мақаласы және Түркістан Республикасы Орталық атқару комитетінің 1920 жылғы бұйрығы құрайды. Деректанулық және салыстырмалы талдау барысында мәтіндердің жанры, адресаты, географиялық ауқымы мен дәлелдік мүмкіндігі ескерілді. 1899 жылғы рапорттың өзінде кесененің діни қызметі мен тарихи құндылығы қатар аталғаны анықталды. Кесененің 1908 жылғы облыстық тізімге енгізілуі нақты жөндеу жұмыстарының орындалғанын дәлелдемейді. Дулатұлының ұстанымында кесенені сақтау талабы жергілікті қамқоршыларды сынаумен және есеп беретін басқаруды талап етумен ұштасады. 1920 жылғы бұйрық кесенеге қатысты орындалған нақты шараның дәлелі ретінде емес, тарихи және мәдени мұраны қорғаудың жалпы мекемелік өкілеттіктерін белгілеген акт ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижелері қасиетті орынның тарихи мұраға бірізді түрде айналуы туралы түсіндіруді шектеп, нысанның тарихи құндылығын тану мен оны сақтауға бағытталған практикалық әрекеттерді ажырата қарастыру қажеттігін көрсетеді. Сонымен қатар бір нысанға қатысты учаскелік, облыстық және республикалық деңгейдегі деректердің географиялық және әкімшілік ауқымын ажыратудың маңызы айқындалады.
Әдебиеттер тізімі
Түркістан облысының мемлекеттік архиві (ТОМА). 1129-қ., 1-тіз., 54-іс, 1–5-пп.
Ресей мемлекеттік тарихи архиві (РМТА). 1284-қ., 188-тіз., 93-іс, 4-п.
ТОМА. 1129-қ., 11-тіз., 53-іс, 88-п.
Дулатұлы М. Хазірет Сұлтан // Қазақ. 1913. №16–17. Электрондық қайта жарияланым: Turkystan.kz. 07.11.2019. URL: https://turkystan.kz/article/89206-haziret-s-ltan (қаралған күні: 27.08.2026).
Ахмеров П.Н. Надписи мечети Ахмеда Ясави // Известия Общества археологии, истории и этнографии при Императорском Казанском университете. 1896. Т. 13. Вып. 6. С. 538–551.
Privratsky B.G. Muslim Turkistan: Kazak Religion and Collective Memory. Richmond: Curzon Press, 2001. 321 p.
Ёлгин Ю.А. В.С. Гейнцельман и его программа ремонта мавзолея Ходжи Ахмеда Ясави в 1906–1908 гг. // Археология Казахстана. 2018. №1–2. С. 201–214. DOI: 10.52967/akz2018.1-2.1-2.201.214.
Темирханов Б., Муталиев М., Каракулак М. Образ Ходжи Ахмеда Ясави в газете «Казах» // Asian Journal «Steppe Panorama». 2026. Т. 13. №1. С. 36–45. DOI: 10.51943/2710-3994_2026_13_1_36-45.
Баринова Е.Б. Роль российского и советского востоковедения в становлении среднеазиатской археологии // Петербургский исторический журнал. 2024. №4 (44). С. 216–226. DOI: 10.51255/2311-603X_2024_4_216.
UNESCO World Heritage Centre. Mausoleum of Khoja Ahmed Yasawi. URL: https://whc.unesco.org/en/list/1103/ (accessed: 27.08.2026).
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Turkic historical studies (pISSN: 3007-6358 / eISSN: 3007-6366)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.