А.Л. Кун жинағындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің заңнамалық актілерін атрибуциялау мәселелері
0 0
DOI:
https://doi.org/10.47526/3007-6366.6551Кілт сөздер:
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Түркістан, А.Л. Кун жинағы, заңнамалық құжаттар, жарлық, атрибуцияны анықтауАңдатпа
Осы мақалада Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның Түркістандағы ұрпақтарының (Алави қожаларының) тарихын ашып көрсетуде маңызды дереккөз болып табылатын XVI–XIX ғасырларға жататын заңнамалық құжаттар (жарлық, ферман, нишан және инабатнамалар) зерттелген. Зерттеудің негізгі мақсаты — Санкт-Петербургтегі Шығыс қолжазбалары институтының Шығыстанушылар архивінде сақталған А.Л. Кунның жеке қорындағы 61 заңнамалық актіге тарихи деректанулық және дипломатикалық талдау жасау, сондай-ақ олардың атрибуциясын (берілген уақыты мен авторын) анықтау болып табылады.
Зерттеу барысында аталған құжаттарды сәйкестендіруде билеушілердің есімдері, лауазымдары мен титулдары, мәтін тілі мен стилі, қолданылған тарихи терминдер мен даталар негізгі фактор ретінде ескерілді. Изденістер нәтижесінде жинақтағы ең ескі жарлық Бухара ханы, Әбілқайыр әулетінен шыққан Әбу Сағид ханға (1530–1531 жж.), ал ең соңғысы Қоқан ханы Сұлтан Сағид ханға (1863 ж.) тиесілі екені анықталды. Құжаттардың әулеттік қатыстылығы талданғанда: 8-і Әбілқайырлар, 5-і Аштарханилер, 9-ы қазақ сұлтандары, 6-сы Бухара әмірлігі, 1-еуі Ташкент бектігі, 28-і Қоқан хандығы және 2-еуі Ресей империясы әкімшілігі атынан берілгені белгілі болды. Тағы екі құжаттың иесі әлі де белгісіз болып отыр. Зерттеуде 1576 жылғы Әбілқайыр сұлтан мен 1685–1686 жылдардағы Есім хан б. Семеке хан жарлықтары мысалында күрделі атрибуция мәселелері сәтті шешілді.
Қорытынды көрсеткендей, бұл заңнамалық актілер жай ғана әкімшілік құжат емес, орталық билік пен киелі әулеттер (сакралды отбасылар) арасындағы өзара тиімді диалогтың нәтижесі болып табылады. Билеушілер саяси және рухани қолдау алу орнына Ахмет Ясауи ұрпақтарына салықтық, жер-су және әлеуметтік жеңілдіктер ұсынған. Алынған нәтижелер жаңа дереккөздер негізінде Түркістан қаласының тарихын, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайын, тарихи географиясы мен басқару жүйесін тереңірек зерттеуге қызмет етеді.
Әдебиеттер тізімі
Казаков Б. А. Документальное источниковедение Узбекистана XVI–XIX веков (дипломатика актов Мавераннахра): к проблеме компьютеризации документальной базы данных / отв. ред. Х. Тураев. — Ташкент, 2026. — С. 169–170.
Султонов Ў. А. Тошкент вақф мулкчилиги тарихи: тарихий ҳужжатлар тадқиқи ва талқини (1507–1917). — Тошкент: Фан, 2021. — Б. 71.
[Султонов У. А. Русский востоковед А. Л. Кун и его коллекция исторических документов мазара Ахмад Йасави // Восточный архив. — Москва, 2014. — № 1. — С. 76–83.
Кумеков Б. Е., Настич В. Н., Шуховцов В. К. Письменные документы из Южного Казахстана (предварительное сообщение) // Вестник АН КазССР. — 1977. — № 8. — С. 70–73.
Исторические документы мавзолея Ходжа Ахмада Йасави / А. К. Муминов, Б. Е. Кумеков, У. А. Султонов, В. К. Шуховцов, Д. Т. Кенжетаев, А. С. Кабылова, У. А. Утепбергенова, А. Айбасов. — Астана, 2017.
Личный архив А. Л. Куна // Институт восточных рукописей РАН (Санкт-Петербург), Архив востоковедов. — Ф. 33, ед. хр. 175. — Л. 93–94.
Личный архив А. Л. Куна // Институт восточных рукописей РАН (Санкт-Петербург), Архив востоковедов. — Ф. 33, ед. хр. 175. — Л. 56, 77.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Turkic historical studies (pISSN: 3007-6358 / eISSN: 3007-6366)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.