методика преподавания истории, и ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

0 1

Авторлар

  • Gulzhamal Zhorayeva МКТУ кафедра Истории

DOI:

https://doi.org/10.47526/3007-6366.6536

Кілт сөздер:

методика преподавания истории, инновационная технология, цифровой ресурс, критическое мышление, проектное обучение, исторический источник, профессиональное развитие педагога.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – тарих пәнін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктерін жүйелеу және олардың педагогтің кәсіби дамуына ықпалын талдау. Зерттеу теориялық-әдістемелік сипатта жүргізіліп, педагогикалық технологияларға арналған ғылыми еңбектерге мазмұндық талдау жасалды. Сын тұрғысынан ойлау, дебат, жобалық оқыту, интерактивті карталар, цифрлық платформалар, виртуалды шындық, цифрлық кітапханалар мен архивтерді пайдалану тәсілдері оқу мақсаты, мұғалім әрекеті және күтілетін нәтиже тұрғысынан салыстырылды.

Зерттеу барысында цифрлық ортада тарихи ақпарат көлемінің артуы оқушылардың дереккөздерге сыни көзқарасын, шынайы және жалған ақпаратты ажырату, мәліметтерді салыстыру мен дәлелді қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруды талап ететіні анықталды. Инновациялық технологияның тиімділігі оның жаңалығына емес, сабақ мақсатына сәйкестігіне, тарихи деректермен жүйелі жұмысты ұйымдастыруына, рефлексия мен кері байланысты қамтамасыз етуіне тәуелді.

Ұсынылған модель технологияны сабақ мақсаты, дерек түрі, оқушы әрекеті және бағалау өлшемдерімен байланыстырып таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұғалімнің цифрлық ресурстарды педагогикалық тұрғыдан саралау, оқу үдерісіне орынды енгізу, тәжірибесін бағалау және әріптестік ортада жетілдіру қажеттілігі негізделеді. Бұл кәсіби дамудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Мақаланың практикалық маңызы тарих сабағын жоспарлауға, оқушылардың медиасауаттылығын дамытуға және педагогтің цифрлық, зерттеушілік, әдістемелік құзыреттерін үздіксіз жетілдіруге бағытталған ұсыныстардың берілуімен айқындалады.

Әдебиеттер тізімі

ҚР Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014873

ҚР «Рухани жаңғыру» жобасы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000050

Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии. Москва: Педагогика, 1989. 192 с.

Жанпейісова М. М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы. «Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы: 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрық.

Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы: 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ.

Уайнберг С. Историческое мышление и другие противоестественные действия: построение будущего обучения прошлому. – Филадельфия: Издательство Темпл Юниверсити Пресс, 2001.

Нұғыманова А. Н. Оқу үдерісіндегі инновациялық әдістер мен технологиялар. Ұстаздың кәсіби дамуы. 2021. № 2. 15–19 б.

Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі: оқу құралы. – Алматы: Қарасай, 2011. – 264 б.

Қырғызхан Г.А. Заманауи мектептің 5–7 сыныптарында Қазақстан тарихын оқытудағы цифрлық технологияларды қолданудың теориялық және практикалық мәселелері: философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2022. – 156 б.

Дузенова Л.М. Қазақстан тарихын оқытуда жаңа инновациялық технологияларды қолдану // Дулати Университеті Хабаршысы. – 2025. – № 1.

Ережепова Р.Г., Өтесова Г.Е., Табылдиева О.Д. Тарих пәнін оқытуда цифрлық технологиялар арқылы білім алушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамыту // Есенов Научный журнал. – 2026. – № 2 (55).

Мустафина А.Х. Архивы Казахстана в условиях цифровой трансформации: тенденции и перспективы // Вестник КазНУ. Серия историческая. – 2026. – Т. 120. – № 1.

Prensky M. Digital Natives, Digital Immigrants. On the Horizon. 2001. Vol. 9, No. 5. P. 1–6.

Сапарбаев А. Тарихты оқыту әдістемесі. Алматы: Қазақ университеті, 2017.

Құрманалина Ш. Х., Мұқанова Б. Ж., Оспанова А. Т. Педагогтің кәсіби дамуы мен құзыреттілігі. Астана: Фолиант, 2014.

Әбенова З. Ә. Инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту. Білім — Образование. 2020. № 4. 23–26 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-01

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар