СОЛТҮСТІК ҮНДІСТАНДАҒЫ КИДАРИТТЕРДІҢ САЯСИ БИЛІГІН ЗАҢДАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫ
46 12
DOI:
https://doi.org/10.47526/3007-6366.6483Кілт сөздер:
Кидариттер; Кушандар; Солтүстік Үндістан; Гандхара; Пенджаб; саяси заңдылық; империялық мұра; нумизматика; қытай деректеріАңдатпа
Бұл мақала Солтүстік Үндістандағы кидариттердің саяси билігінің орнығуын және оның кушандық империялық мұрамен байланысты символдық, титулдық және нумизматикалық дәстүрлер арқылы заңдастырылу тетіктерін талдайды. Зерттеу кидариттер билігін тек әскери жаулап алу немесе ірі империялар арасындағы өтпелі кезең ретінде түсіндіру жеткіліксіз екенін көрсетеді. Кушан империясының III ғасырдағы саяси дағдарысы Гандхара, Пенджаб және Үнді субконтинентінің солтүстік-батыс аймақтарында қалыптасқан басқару тәжірибесінің, билік белгілерінің және саяси-идеологиялық тілдің толық жойылуына әкелмеді. Осындай постимпериялық жағдайда кидариттер IV–V ғасырларда өз билігін кушандық титулатура, монета соғу дәстүрі және аймақтық басқарудың таныс үлгілері арқылы танытты. Мақалада нумизматикалық деректер, қытай деректері, аймақтық тарихнама және Гупта дәуіріндегі солтүстік-батыс Үндістанға қатысты зерттеулер салыстырмалы түрде қарастырылады. А. Ходжаевтың ежелгі қытай деректеріндегі этнонимдер мен топонимдерді тарихи фонетика арқылы түсіндіру жөніндегі еңбегі де әдіснамалық тұрғыда пайдаланылды. Нәтижесінде кидариттер посткушандық саяси кеңістіктің пассивті қалдығы емес, империялық мұраны таңдамалы түрде игеріп, оны жаңа тарихи жағдайға бейімдеген белсенді саяси күш ретінде түсіндіріледі. Бұл тұжырым кидариттер тарихын кейінгі антикалық дәуір контекстінде қайта бағалауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі
Zeimal E. V. The Kidarite Kingdom in Central Asia // History of Civilizations of Central Asia. Vol. III: The Crossroads of Civilizations: A.D. 250 to 750 / ed. by B. A. Litvinsky. - Paris: UNESCO Publishing, 1996. - P. 119–133.
Dani A. H., Litvinsky B. A., Zamir Safi M. H. Eastern Kushans, Kidarites in Gandhara and Kashmir, and Later Hephthalites // History of Civilizations of Central Asia. Vol. III: The Crossroads of Civilizations: A.D. 250 to 750 / ed. by B. A. Litvinsky. - Paris: UNESCO Publishing, 1996. - P. 163-183.
Bakker H. Huns in Central and South Asia: a Timeline // Hunnic Peoples in Central and South Asia. - Groningen, 2020. - P. 15–18.
Göbl R. Dokumente zur Geschichte der iranischen Hunnen in Baktrien und Indien. Bd. II. - Wiesbaden: Otto Harrassowitz, 1967. - 359 S.
Ходжаев А. Из истории древних тюрков (сведения древнекитайских источников). - Алматы: Tafakkur, 2011. - 275 с.
Cribb J. The Kidarites, the Numismatic Evidence. With an Analytical Appendix by A. Oddy // Coins, Art and Chronology II: The First Millennium C.E. in the Indo-Iranian Borderlands / ed. by M. Alram, D. E. Klimburg-Salter, M. Inaba, M. Pfisterer. - Vienna: Verlag der Österreichischen Akademie der Wissenschaften, 2010. - P. 91–146.
Grenet F. A View from Samarkand: The Chionite and Kidarite Periods in the Archaeology of Sogdiana (Fourth to Fifth Centuries A.D.) // Coins, Art and Chronology II: The First Millennium C.E. in the Indo-Iranian Borderlands / ed. by M. Alram, D. E. Klimburg-Salter, M. Inaba, M. Pfisterer. - Vienna: Verlag der Österreichischen Akademie der Wissenschaften, 2010. - P. 267–281.
Cribb J., Singh K. Two Curious ‘Kidarites’ Coin Types from 5th Century Kashmir // Journal of the Oriental Numismatic Society. - 2017. - No. 230. - P. 7–12.
Enoki K. On the Date of the Kidarites // Memoirs of the Research Department of the Toyo Bunko. - 1969. - Vol. 27. - P. 1–26.
Wan X. A Study on the Kidarites: Reexamination of Documentary Sources // Archivum Eurasiae Medii Aevi. - 2012. - Vol. 19. - P. 243–301.
Oberoi J. Bhitari Stone Pillar Inscription of Skandagupta: Reading Between the Lines // International Journal of Humanities and Social Sciences. - 2015. - Vol. 5. - No. 3. - P. 271–280.
Kumar A. The Huns (Hūṇas) in India: A Review // Studies in People’s History. - 2021. - Vol. 8. - No. 2. - P. 182–196.
Ray A. The Hūṇas in India: PhD Thesis Submitted to the University of London. - London, 1965. - 250 p.
Fleet J. F. Inscriptions of the Early Guptas and Their Successors // Corpus Inscriptionum Indicarum. Vol. III. - Calcutta: Government of India, 1888. - P. 54–56.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Turkic historical studies (pISSN: 3007-6358 / eISSN: 3007-6366)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.