ПРОМЕТЕЙ ЛИГАСЫ: ШЫҒЫС ЕУРОПАДАҒЫ КЕҢЕСТІК ЭКСПАНСИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС (1926–1939)

49 17

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47526/3007-6366.6478

Кілт сөздер:

Прометей қозғалысы; Шығыс Еуропа тарихы; кеңестік экспансионизм; орыс емес халықтар; зияткерлік қарсылық.

Аңдатпа

Бұл мақалада 1920–1930 жылдары Шығыс Еуропада Кеңес Одағының идеологиялық және геосаяси экспансиясына қарсы құрылған көпэтносты зияткерлік әрі саяси қарсылық майданы ретінде Прометей қозғалысының тарихы қарастырылады. Польша сыртқы саясатының стратегиялық ұстанымы негізінде қалыптасқан бұл қозғалыс КСРО құрамындағы орыс емес халықтардың эмиграциядағы өкілдерін ортақ антикеңестік тұғырнама аясында біріктірді. Зерттеуде қозғалыстың құрылу тарихы, ұстанған саяси-философиялық өзегі, баспа қызметі, кеңестік билікке қарсы ақпараттық-насихаттық күрестегі рөлі, мәдени дипломатия саласындағы қызметі және оның құрылымдық шектеулері талданады. Сонымен қатар қозғалыстың Шығыс Еуропаның саяси жадында қалдырған ізі мен посткеңестік кезеңдегі жаңғырықтары қарастырылады. Мұстафа Шоқай бастаған түркі халықтары саяси эмигранттарының саяси қызметі арқылы советология ғылыми бағытының дамуы мен қалыптасуындағы орны мен рөлі талданады. Тарихнамалық және деректік талдаулар нәтижесінде мақалада Прометей майданы тек тарихи құбылыс ретінде ғана емес, сонымен қатар бірегейлік, егемендік және зияткерлік қарсылық мәселелері төңірегінде өрбіген тұрақты пікірталас алаңы болды деген ғылыми тұжырым жасалады. Зерттеуде түркі халықтары саяси эмигранттарының Шығыс Еуропада жүргізген антикеңестік күресі тарихының деректік негізде талдануы тақырыпты жаңа мазмұнмен толықтырады.

Автор өмірбаяндары

Абдулвахап Қара, Мимар Синан атындағы Бейнелеу өнері университеті

Мимар Синан атындағы Бейнелеу өнері университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы

(Стамбул, Түркия)

Сағат Тайман, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

(Қызылорда, Қазақстан)

Әдебиеттер тізімі

Esmagambet, K. (Ed.). (2012). Mustafa Shokai shygarmalarynyn tolyk zhinagy. Vol. 4. Almaty: Daik-Press. 608 p.

Chokayev, M. (1933). 25.X.1917–7.XI.1933 (Sovyet Hukumeti'nin 16nchy Yildonumu). Yash Turkistan, No. 48, pp. 5–18.

Landmann, T. (2020). Ruch prometejski jako defensywny element polityki bezpieczenstwa II RP w latach 1926–1932. Wschodnioznawstwo, pp. 299–315. DOI: https://doi.org/10.4467/20827695WSC.20.017.13345

Libera, P. (2010). Zwalczanie ruchu prometejskiego w Polsce Ludowej: wstep do badan. Czesc I. Historia i Polityka, No. 4(11), pp. 205–243.

Andican, A. (2022). Turkistan Milli Birlik Hareketi ve Polonya Prometeizmi (1926–1940). In: Selvi C. (Ed.). Turkbilimde Arayislar. Istanbul: Kutlu Yayinevi. Pp. 39–85.

Libera, P. (Ed.). (2013). II Rzeczpospolita wobec ruchu prometejskiego. Vol. 4. Warszawa: Centralne Archiwum Wojskowe im. mjr. Boleslawa Waligory. 620 p.

Kara, A. (2013). Mustafa Tchokai: Une Vie Pour l'Independance du Kazakhstan. Istanbul: L'Harmattan. 320 p.

Kravchenko, S. (2024). Polityka wschodnia Polski: tradycje prometejskie i wyzwania wspolczesnosci w ramach Grupy Wyszehradzkiej. Acta Universitatis Lodziensis. DOI: https://doi.org/10.18778/0208-6050.115.10

Huseynova, A. (2024). Promete Hareketi: Esaret Altindaki Milletlerin Sovyetler Birligine Karsi Bagimsizlik Mucadelesi. Turk Tarihi Arastirmalari Dergisi. DOI: https://doi.org/10.56252/turktarars.1532296

Schattkowsky, R. (2012). Prometheismus und Osteuropaforschung in der Zweiten Polnischen Republik. DOI: https://doi.org/10.25627/20126149424

Kwiecien, M. (2014). Kilka dokumentow z dziejow ruchu prometejskiego lat drugiej wojny swiatowej. Krakowskie Studia z Historii Panstwa i Prawa, pp. 340–343. DOI: https://doi.org/10.4467/20844131KS.14.024.2265

Esmagambet, K. (Ed.). (2013). Mustafa Shokai shygarmalarynyn tolyk zhinagy. Vol. 7. Almaty: Daik-Press. 640 p.

Durin-Hornyik, V. (2023). “Kultura” and Its Forgotten University in Exile. European History Review. DOI: https://doi.org/10.31743/ehr.16815

Mieroszewski, J. (2025). Poland’s Ostpolitik. Kultura Paryska. Available at: https://kulturaparyska.com/en/topic-article/ostpolitik

Ptasinska, M. (2020). Na marginesie sporu wokol ksiazki Aleksandra Janty-Polczynskiego Wracam z Polski. List Jana Lechonia do Jerzego Giedroycia z maja 1949 r. Z Badan nad Ksiazka i Ksiegozbiorami Historycznymi, pp. 79–102.

Esmagambet, K. (Ed.). (2012). Mustafa Shokai shygarmalarynyn tolyk zhinagyna kirispe. Kurespen otken omir. Vol. 1. Almaty: Daik-Press. 520 p.

Andican, A. (2003). Cedidizm'den bagimsizliga harichte Turkistan mucadelesi. Istanbul: Emre Yayinlari. 640 p.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-25

Журналдың саны

Бөлім

Тарих